Weekend
Астанада өткен Халықаралық Еуразия әдеби форумында айтылған ойлар
Театрдың екі есігінен де көрермендер легі көрінді.Бір есіктен шыққандары ұлар-шу жылайды, екінші есіктен шыққандар езу жимай күледі.Трагедия мен комедия көргендердің шын кеспірі осы.Өкінішке орай театрдың сол күнгі қойылымының жариясын қызметкер үнтақтаға алмастырып жапсырса керек.Күлкілі комедия көріп екі езуі айрылғанша күлуді армандап келгендер трагедия қойылымына енгізілен. Ал трагедиялық қойылымға келгендер күлкіге қарық боларын білмеді. Алайда қорытынды өзгермеді.Көрермендер өзіне қажет қойылымға разы.Күлкі іздегендер шексілесі қатқанша күлді, трагедия көрермендері барынша солқылдап жылап шыққан сәт керім еді.
Көрерменнің нақты бет бейнесін сезіне алған сықақшы осы бір әзілді ойынан шығарса керек.
Біздің дәуірдегі уақыт мәшинесі көз ілеспес жылдамдықпен кетіп барады зымырап.Көп нәрсе өзгерді, соның ішінде әдебиеттің жеделдігіне қайран қалуға болады. Бүгін біз - «осызаманауи әдебиеттің бағыт-бағдары», «осызаманғы әдебиеттің басты жанры», «тың жаңа поэзия» делінетін қартаң ұстаздың семестрден семестрге дейін секірген шұбалаңқы таптауырын лекциясының күні келмеске кеткенін көрдік. Бағдар сәт сайын өзгеріп, «жанр» деген ұғым анықтамасынан ауытқып барады.Әсіресе поэзияның қай жағы жаңа, қай жағы көне,қайсысы былғанышты,қайсы жасанды екенін айыру қиынға соғуда.Оқырман - тұрақты ләззатсыз,жазушы - тұрақты үлгіден кетті.
Біз, әсіресе бұрынғы социалистік қызыл қамақтағы елдер оқырманды бірдеңгейлік қалыпқа салу үшін арпалысып бақтық.Жалпы оқырманның жекедара әлемімен санаспадық.Керісінше аты әйгілі профессор, қиқар көсемнің көзқарасын әркімнің миына құюды ойладық. Осындай ортада аяқтандық.
«Жанр» -дегеніміз қандайбір шығарманың мызғымас анықтамасы еді. Жанр демесең оқырман әуелі нені ұғатынынын білмейтін.Жаңа шығармасын жарияларда көсемсөз зергерлері мен әдебиетшілер «трагедия», «сатира», «батырлар жыры», «тарихи төңкерістік», «тұрмыстық», «лирикалық» деп лақап атау беруі міндетті болатын. Оқырман қауым тарапы жоғарыдағы әзілдегідей, қандай шығарма оқитынын,қандай пьеса көретініне психологиялық тұрғыда даярланатын-ды Оқырман өзінше пайымдау азаттығынан тысқары, оларға аса құрметті хакімдер мен сарапшылар алдынала ұғындырарды.Әдеби оқулықтар бірсарын,жоғарыдан төмен қарай үгіттеп түсіндірілетін. Бұл әйгілі «1984» романынан бастап, «Фарангейттің 451 градусынын» дейінгі шығармаларда көрініс тапқан таныс құбылыс.
Тағдыр тәлкегі болуы керек 1984 жылдан thoughtcrime немесе «идеа қылмысына» бақылау қою,еркін ойлаудан сақтану дертіне қарсы тек соц елдері ғана емес жалпақ әлем түгелдей тығырыққа тірелген. Тоқсаныншы жылдардан бастап шығарманы міндетті түрде анықтамалау мән-мағынасынан барынша аулақтаған. Басқа халықтар қайткенін қайдам,моңғолияда кейбір жанрлар атымен жойылды. «Тарихи төнкерістік» шығармалардың оқырмандары жоғалып, «саяси жанр» бір кезек пайда болды.Соңынан барлық шығарма тек «лиризмге» аламасып соңынан оның да бүткіл мәні жоғалды. Бірте - бірте оқырмандар жанрды әдебиеттің бір бөлек сыпаты деп түйіндей бастады.
Түр жағынан поэзияда «өлең», «поэма», «өлең роман» деген белгілі үш түрдің соңғы екеуін таңдап жазып отыратын «мақұлық» біржола ғайып болды.Проза тек қана «әңгіме», «повесть» , «роман» атты үш бөлек түр кейіпінде қалды.Бірақ, ортанғысымен де қош айтысар түріміз бар.Осылайша жалпы әдебиетте «өлең», «әңгіме», «роман» атты үш қана жанр қалды.Сахна, кино өнерінде көрерменде қалары ең соңында шығармашылыққа қатысты болмаған соң аттап өттік.Журнализм ықпалы әдебиетке нақты орныға бастауы сонау Монтеньннің дәуірінен бері «хандық» құрған, қазіргі «эссе» қоғамды сынап, мінейтін «деректі әңгіме»мен синтезденіп болашақта таза әдебиеттің негізгі үш жанрына ықпал етіп араласып жүр.
Сондықтан бүгінгі әдебиетте «жанр» деген қатаң сауал қалды ма? Осындай шекара шек түсініктері түбегейлі жойылғаннан кейін әдебиет саналық жағынаназат етілген дәуір келді.Даму қарқынды қатты жалғасуда.Осы замандық әдебиеттегі ең трапсформация дегеніміз осы. Осынау трансформациялық нәтиже бойынша «жанр» деген қалыпты түсінік жабылып барады.
Енді өлең + сана = ес жұғындары қалды.Роман +мақала =деректі роман.Роман +эссе = пәласфа...
Тарихи романды деректі романға жүктеуге болатындай.Өлең аталатын поэзиялық сананы, сол секілді лирикалық қысқа шағын әңгімелерді, кейде тіпті эссені д соған қарай икемдеуге болатын секілді.Сондықтан әдебиттегі қай жанр болса да бүгін бәсекеге ең қабылетті ме деген сұраққа жауап берудің өзі мүмкін еместей. Дегенмен біз тілге тиек еткен сондай бір дөрекілеу қарабайырлау мысалдан тек бүгінгі жағдайда бәсекеге қабылетті саналатын қандайбір жанр турасында болмашы долбар жасауымызға болатын секілді.Ол қандай жанр болуы мүмкін?
Ол жарсыз жанр немесе бүткіл еркін синтез.
Қызықтысы - көп жазушылар өзін таныстырғанда романист,ақын,эссегер, көсемсөзші деп негізгі жазбасындағы жанрларын алға тарта жөнеледі.Сондықтан мақаламен ғана айналысатын журналистлерді қоспағанда тек роман,өлең ғана жазатындардың кеңістігі жуық арада тарыла беретін болады.Меніңше ең бергі болашағы айқын жанр болса жанрлардың азат синтезі яғни интертекстуал секілді интержанр болуы да ғажап емес.Бұл соншама жаңа нәрсе де емес. Көшпелілер әлемінде жазылған ең маңызды туынды «Моңғолдың құпия шежіресі» (МҚШ) болса - тарихи дерек, заңнама,ауызша аңыз,көркем эссе,ғажайып ертегі,бақсының мөрі сонымен қатар ерекше абстрактылы поэтикалық әуезді қамтыған құрылымды дүние. МҚШ кейде батырлық эпос,кейде таурат секілді, тіптен кейде осызамандық бір сызықтан тыс роман сияқты сезіледі.Ешбір нәрсеге бағынбаған,жаттанды үлгіден тысқары сана көшпелілердің туабітті мінезіне сайлас келетінін сол туындыдан байқауға болатындай.Әр оқырманға етене «Ағайынды Қарамазовтар», «Мастер және Маргарита» романдары да осындай құрылымда. Сондықтан әдебиеттегі интержанршылдықтың өзі көшпелі қауым үшін түпнегізді пайымының кеңістігін жаңадан бажайлауға,мүмкін нағыз ізденіске жорық жасауға бейімдесе керек. Ал, түзем текті жазушылар үшін саналық жағынан қайта қайту механизмі болуы да ғажап емес.Бұл жөнінде неше сағат бойы түсідіруге болар еді.Маған бұйырған он минутта жазғанымды ежіктеп оқуға ғана үлгеруге келеді екен.Бұдан өзгеге жағдай шектеулі болғанын түсінемін.