Көркем мінезді қалай қалыптастырамыз?

Мінез қалыптастырудағы алғашқы қадамдар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа жыл келді. 2019 жылға қадам бастық. Лайым, берекелі болғай.  

Қу тіршіліктің қамымен жүріп небір адамдары  кездестіріп жатамыз.  Тәкаппарланып, мұрнын шүйіріп жүргендерді де су қанымыз сүймейді. Көркем мінезді адам көрсек айналшықтап жанынан шыққымыз келмейтіні шындық қой. «Жақсымен бірге өткен жарты сағат-жаманмен өтіп кеткен өміріңдей» деген керемет сөзі де еске алайық. Мінез туралы  Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қияметте амалдар өлшенгенде, таразыны ауыр ба­сатын бірден-бір амал – Аллаһтан қорқу мен көркем мінез» деген.  Ендеше, өзгеруді бүгіннен бастаңыз.

 

«Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»                                                          

 

                                                                                                                                                                    (Абай)

Әуелі ойды түзетініңіз. «Құмыраның ішіне қандай су болса ішке сол шығады» деген сөз осы жерге дәл келеді.  Адамдарды жек көру сізді жақсы адам етіп қалыптастырмайды. Жүрегіңіз қатайып,  қауымнан оқшауланып қала бересіз. Жаман ой-жүректің зинасы деген сөз бар. Ал,  зина - ауыр күнә.

 

Адамдарға мейірімді болыңыз. Айналаңыздағы адамдармен жақсы қатынаста болып, жақсы тақырыптарда әңгіме өрбітіңіз. Бірге ас ішіңіз. Ой бөлісіңіз. Қиындыққа тап болған адамдарға көмек қолын созыңыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мейірімділік танытпаған, мейірімге бөленбейді»,  – деген.

Көп сөйлеуден сақтаныңыз. Бұл сіздің мәдениетті екеніңізді көрсетеді. 10 күнәнің 9-ы тілден деген сөз бар. Басқа пәле-тілден дейді. Орынсыз сөйлей беру сыйыңызды қашырады. Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім Алла Тағалаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін», – деп  бұйырған.

 

Сөз тасудан, аулақ болыңыз.  Қарапайым әңгімеңіздің дұрыс болуын қадағалаңыз. Біреудің мінін біреуге жеткізіп бақыт таппайсыз.Себебі сізді адамдар үнсіз тыңдағанымен сізге деген ойы өзгереді. «Өсекші» атанып кетесіз.    Хузәйфадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жәннатқа өсекші кірмейді»,- деген. Болмашыға бола «Мәңгілік бақытан» айрылып қалмаңыз.

 

Таңда ерте ояныңыз. Бұл сіздің күніңіздің жақсы өтуіне өз әсерін тигізеді. Таңғы салқынмен дене шынықтыру жаттығуын жасаңыз.   «Ерте тұрған әйелдің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық»  деген сөз бар халқымызда. Ерте тұрып, жұмысыңызға   дайындалып, күніңізді жоспарлап алуыңыз - уақыттың сарп етілмеуіне бірден бір себеп.

 

Уақытты босқа өткізуден аулақ болыңыз. Ешқашан естен шығармаңыз «сағаттың сыртылдағы емес ермек». Өміріңіз зуылдап өтіп жатыр. Уақытты тиімді пайдаланыңыз. Кітап оқыңыз, үй шаруасымен айналысыңыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Бес нәрсе келместен бұрын мына бесеудің қадірін біліңдер: қаусаған қарттықтан бұрын желкілдеген жастықтың, сырқаттанбастан бұрын денсаулықтың, кедейліктен бұрын байлықтың, қарбаластан бұрын бос уақыттың, өлместен бұрын өмірдің», – деген өсиет айтылған (Бұхари, Риқақ, 3. Тирмизи, Зүһд, 23). Қолда бар алтынның қадірін білгеніңіз жөн.

 

Қанағатшыл болыңыз. Қолда барыңызға шүкір етіңіз.  Дүниеде өзінен төменге, білімде  өзінен жоғарыға қараған адам ең бақытты адам деген тамаша сөз бар. Ата-бабаларымыз барға-тәубе, азға-қанағат, жоққа-сабыр ете білген. Бұл жайлы Алла Тағала «Ибраһим» сүресінің 7-аятында:

«Және Раббың жариялаған сөздерін естеңдер: «Ант етемін, егер

 (берген нығметтеріме) шүкір етсеңдер, әлбетте сендерге (нығметтерімді) арттыра беремін. Ал егер қарсылық жасасаңдар (шүкіршілік етпесеңдер), әлбетте азабым өте қатты" деп үкім жариялаған.

Өмірді жаңа парақтан бастау қиын емес. Қиыны ол парақтағы жазуды өзгерту. Жазу деп отырғанымыз - сіздің мінезіңіз. Өзгеріңіз. Ізденіңіз. Еңбектеніңіз. Сонда ғана бақыт сізге басын иеді, биіктер сізге бағынатын болады!