Bugin
Коалалардың саны «құрып кетуге» жақын
Австралияда жергілікті тұрғындар Kangaroo Island жабайы табиғат паркіндегі госпитальге орман өрттері салдарынан зардап шеккен коалаларды әкеліп жатыр. Бұл туралы AFP хабарлайды.
Ветеринарлардың оларға ат қойып отыратын уақыттары жоқ. Жануарлар белгілі бір сан нөмірлерімен белгіленуде. Мысалы, №64 Коаланың барлық төрт табаны күйіп кеткен. Дәрігердің айтуынша, оның емі сәтті өтуде.
Бірақ барлық құтқарылған коалалардың жолы осылай бола бермеген, көпшілігінің жағдайының өте нашар болуына байланысты олар эвтаназияға ұшыраған.
Оңтүстік Австралияның ветеринарлық көмек тобының жетекшісі Стивен Селвуд, орман өрті басталғанға дейін аралда 46 000-ға жуық коала болғанын айтады. Селвудтың бағалауы бойынша, қазір шамамен тек 9 000-ы ғана тірі қалған. Ол бұл санды «құрып кетуге жақын» деді.
Австралияның Қоршаған орта министрі Сусан Лей елде коала популяциясы орман өртінің салдарынан «ерекше соққы» алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жануарларды алғаш рет «жойылып кету қаупі бар» деп санауға болады.
Kangaroo Island – Австралияда халқы хламидиоздан мүлдем айырылған жалғыз орын. Хламидиоз – коалалар үшін өлімге алып келетін қауіпті инфекция.