Bugin

Қазақстан бала тәрбиелеуге ең нашар ел деп аталды

Соңғы орында Иран мен Ирак

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

«Бала тәрбиелеуге ең қолайлы жер» рейтингісінде еліміз 80-нен 73-орынға ие болды.

US News әлемдегі 73 елді бала тәрбиелеу жағдайларына қарап талдап, рейтинг жасады. Елдер бірнеше критерийлер бойынша сараланады. Ерекшеліктер қатарына адам құқықтары, отбасындағы достық, гендерлік теңдік, бақыт, табыс теңдігі, қауіпсіздік, мемлекеттік білім беру жүйесі, даму мәселелері және дамыған денсаулық сақтау жүйесі кіреді, деп хабарлайды pobedarf.ru.

Балаларды тәрбиелеуге ең қолайлы елдер - Швеция, Дания және Норвегия болып шықты. Ресей 46-орында, Түркия - 49-орында, Украина 58-ші орында.

Рейтингтің соңғы қатарын Қазақстан алды. Сипаттамада былай жазылған: «Қазақстан - Орта Азияда орналасқан әлемдегі мұхитқа жолы жабық, құрлық бойынша ең үлкен елдердің бірі. Шығыс Еуропада кішкене ауданы бар. Елдің экономикасы табиғи ресурстардың арқасында үлкен экономикаға ие».