Bugin
Жеңімпазға арнайы шәкіртақы тағайындалды
Биыл қазақтың бас ақыны атанған Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Бұл мерейлі датаны тойлау үшін бүкіл ел болып қолдап, президенттің тапсырмасымен ұлттық деңгейде атап өту тапсырылды. Аталған тапсырманың аясында жастарды қолдау, мектеп оқушыларына Абай әлемін таныту мақсатында елімізде тұңғыш рет «АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ» атты республикалық байқау ұйымдастырылып жатыр.
Байқауды ұйымдастырушы «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қоры. Бұл қор осыған дейін «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты қазақтың үш арысына арналған республикалық деңгейде байқау ұйымдастырған болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолғы байқаудың жөні де, шарты да ерекше.
Шарт бойынша мектеп оқушылары Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі афоризмдерді талдау керек және жас ақындар өзара авторлық өлеңдерімен бақ сынайды.
- Байқауға қатысушыларды арнайы тағайындалған қазылар алқасы бағалап, қорытындысын шығарады.
- Байқауда үздік деп танылған өлеңдер «АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ»атты тұңғыш балалар жыр жинағына енетін болады.
- Әр аталым бойынша анықталған жеңімпаздар«MÁŃGlLIK EL JASTARY»қоғамдық қорының арнайы ЛАУРЕАТТЫҚ ДИПЛОМДАРЫМЕН марапатталады. Сонымен қатар байқауға шәкірт дайындап қатыстырған ұстаздарға «АЛҒЫС ХАТ»беріледі.
- Барлық қатысушы жас дарындарға Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «ТӨСБЕЛГІ» мен бағалы сыйлықтар табысталады.
- Қатысушы шәкірттер мен олардың жетекшілеріне Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық, балалар мен жасөспірімдер театрында болатын қойылымға жолдама беру.(бірінші күні, яғни 15 ақпан күні кешкі уақытта)
- Әр аталым бойынша тағайындалған қазылар алқасының шешімімен анықталған дарынды оқушылар мен олардың үздік шығармалары республика көлемінде дәріптеледі. (БАҚ-да, телебағдарламаларда)
Қосымша сұрақтар мен байқауға қатысу үшін: 8 (707) 462-04-07; 8 (702) 230-00-49;