Денсаулық
Қазақстан ішімдік қолданудан 76 орында
Британ ғалымдары маскүнемдіктің генде болатынын дәлелдеді. Мұны Science Advances журналы жазды.
Журналдың деректеріне сүйенсек, ағылшын ғалымдары арнайы зерттеу жасау арқылы адамның ішімдікке тәуелділігін арттыратын гендер болатынын анықтаған. Ондай гендер ішімдікке әуес адамдардың қанында кездеседі.
Сарапшылар зерттеу барысында Ұлыбританияның Биобанкінен 125 мыңнан астам ДНҚ-ны және америкалық GERA мәліметтер қорынан 47 мыңнан астам деректі алып талдаған. Қатысушылардың жасы 40-тан 69 жасқа дейінгі ер және әйел адамдар. Зерттеу жасаушылар ішімдікке әуесі барларға аптасына 35-50 стақан көлемінде шарап беріп отырған. Кейін олардың геномын талдау келе ғалымдар ішімдікке құмар адамдардың қанында ортақ алты ген түрі болатынын анықтады. Олардың кейбірі бұрынғы генетикалық зерттеулерде де кездескен тұқымқуалаушылық қасиеті бар гендер болатын. Ішінде DRD2 және KLB гендері адамның тәтті жеген кезде сезінетін сыйақы мен ләззат сезімдерімен байланысты гендер де табылды.
ADH1B деңгейі төмен адамдарда ішімдік метаболизмі баяулайды. Олар масаймай ұзақ уақыт арақ іше алады. Зерттеу нәтижелерін тексеру үшін ғалымдар модельдік құрттарға эксперимент жасап көрген, сонда құрттар мұндай гендерді өлтіруге тырысып, өз-өздерін емдемек болған. Ғалымдар да адам қанында араққа тәуелділікті тудыратын гендерді өлтіру арқылы алқаштықтан емдеуге болады деген ойға кеп отыр.
Еске салсақ, Қазақстанда орын алатын әрбір бесінші, яғни, 13 пайыз қылмыс ішімдік әсерінен орын алады. 1990 жылмен салыстырғанда әлем бойынша алкогольді пайдаланушылар саны 70 пайызға өскен. 2019 жылдың мамырында тіркелген статистика сүйенсек, Қазақстан ішімдікті қолдану бойынша 189 елдің ішінде 76 орында тұр.