Саясат
Қытай басшысының мазақ болуы
Facebook әлеуметтік желісі Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзиньпиннің есімін қате аударған. Бұл туралы Мьянманың мемлекеттік хатшысы Аун Сан Су Чжидің ресми парақшасында айтылды.
Қытай басшысының есімі бирма тілінен ағылшын тіліне аударғанда жағымсыз мағына берген көрінеді. Әлеуметтік желі төраға Сидің есімін "сасыған тесік" деп аударған.
Бұл туралы Сидің Мьянмадағы ресми сапарының екінші күнінде белгілі болды. Қате аударылым нәтижесінде жергілікті Irrawaddy басылымында "Сасыған тесік президенттің құрметіне кешкі ас беріледі" деген хабарлама шыққан.
Facebook болған жайт үшін кешірім сұрап, аударманы жөндейтінін айтты.