Weekend

Ата-баба дәстүрі

Дәстүрді дәріптейтін сіз бен біз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Дәстүрі жараспағанның дәм-тұзы жараспайды" демекші, дәстүрімізбен бірге дәм тұзымыз жарасып жүр ме? Әлде күллі жұрттың санасына біткен әртүрлі ой ма? Әлде күллі халық мүддесі ме?

Дәстүр - ол елді ерекшелейтін, ішкі тәртіпті күзететін, ибалы қыз бен батыр ұл өсіретін құрал, тәрбиенің тал бесігі. Жақсылықпен жүруді үйрететін, өмірдің ережесін дәріптейтін білім ұшқынын берер өмір жолындағы мектеп іспеттес. Салт-дәстүрін дәріптеп, рухын жаңғыртып, атадан-балаға қалған асыл мұраны жалғастырып келе жатқан ел ол - қазақ елі.

Баланың шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап, бесіктен белі шығар шықпастан салт-дәстүрмен санасына тәрбиеліктің мәнін құйып, білім көзін сіңіреді. Қазақ халқының бұл дәстүрлері елдің өзге елден ерекшелігі мен білім, тәрбиеге толы мәдениетінің айғағы.

Дәстүрдің жақсылыққа баулитыны рас. Алайда осы дәстүрді дінмен, ырыммен шатастырып жүргендер де аз емес. Бұл дегенім барлық адам дәстүрді ұстана бермейді, ұмытылып бара жатқан дәстүрлермен қатар ұмытылып кеткен де салтымыз бар. Ал осы қалыппен жалғастыра берер болсақ бұл мәдени мұрамыздан айырылып, қазақты қазақ етіп, ұлтымызды ұлықтайтын бірден-бір айрықша белгімізді жоғалтатындығымызды білдіреді. 

Бауыржан Момышұлы"Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті" деп айтқан екен. Ұлтты сүйіп, сүйе жүріп салт-дәстүрін сыйлау арқылы жоғалған дәстүрді жаңғыртып, жұртқа жау келгенде қарсы тұрар ұрпақ тәрбиелей аламыз.

"Ел болам десең, бесігіңді түзе". Ертеңгі күн ұрпақтарының білімі мен болашағы бүгінгі пенделердің істерінен бастау алады. Ата-баба дәстүрін дәріптеп, тамыры тереңге жайылған жасыл желекті суара жүріп, жемістерінен кейінгі ұрпаққа дәм таттыра білуіміз керек. Ұлтымызға жалын, ұрпағымызға тәлім,мәдениетімізге мән, рухымызға сән берер ұлттық дәстүрімізді жалғастырып, ата-баба дәстүрін ертеңгі ұрпаққа жеткізу біздің қолымызда екенін ұмытпағанымыз абзал!