Қоғам

Қазақстанда бензин қымбаттады

Елімізде бензин бағасы өсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір "ҚазМұнайГаз" жанармай құю станцияларында АИ-92 бензині 154 теңгеге жетті. Мұның алдында елордадағы жанармай құю станцияларында бұл бензин 152 теңге тұрған еді.

"Колеса" мәліметінше, Sinooil бекеттерінде АИ-92 150 теңгеден сатылса, Helios пен Royal Petrol-да 149 теңгеден сатылып жатыр.

Әлеуметтік желіге жүктелген суреттерден кей жерлерде АИ-92-нің 158 теңгеге сатылып жатқанын байқауға болады.

Еске салайық, мұның алдында Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Амрин бензин акцизі 6 пайызға өсетінін айтқан еді.

tengrinews.kz