Weekend
Қазақ кино сахнасының берері...
Бүгінгі қазақ киносы көрерменге қандай фильмдер ұсынып жүр? Ал бұл кинолардың бағыт-бағдары,тақырыбы мен кейіпкерлердің мәселесі туралы не айта аламыз?
2010 жылдан бермен қарай "Қазақфильм" киностудиясында 50-ге жуық көркем суретті, 100-ден астам деректі, 30-дан астам анимациялық фильм, 4-тен аса сериал түсірілді. Тереңінен үңіліп қарасақ, бұл дегеніміз үлкен еңбек, талмас талаптар мен биік білім болып саналады. Алайда қазақ киноларын бірі мақтап жатса, енді бірі даттап жатады.
Не себепті? Себебі барлық кинолар бір бағытта емес әртүрлі тарих, әртүрлі жанр мен әр қилы автор ойы. Мұны былай қойғанда, қарапайым мысал - әрбір адамның жеке тұлғалық пікірі, көзқарасы деп білемін.
Қазақ киноөндірісі енді ғана өсіп, дамып келе жатқан жас бұтаның бірі. Әлі жайқалар жапырағы, биіктер бұтасы мол.
Отандық фильмдерге тоқталар болсақ осы күні еліміздің кино сахнасында түрлі жанрдағы жастарға берері мол кинолар шығуда. Олардың қатарына "Жау жүрек, мың бала", "Аңшы бала", "Шал", "Көшпенділер" атты қазақилық тәрбиесінен аттамаған бірнеше фильмдерді жатқыза аламыз. Шын мәнінде де басқа шет елдердің туындыларымен салыстырғанда отандық киноөндірістің қазақ тәрбиесінен аспай түсірілген, мән-мағынасы жағынан да жоғары екендігі қуантады.
Алайда барлығының бір "әттеген-айы" болғандай бізде де бұл нәрсе бар. Ол не десеңіз... еліктеушілік, қайталау, орынсыз қызығушылық. Яғни, өзге шет елдердің идеяларынан туындаған, солардың туындыларына ұқсас фильмдердің көбеюі және комедияның артуы. Әлемнің қай саласында болмасын дамытатын, өсіретін де, өшіретін де құралы ол - білім мен еңбек. Сондықтан ең алдымен еңбектену арқылы өз тілімізден таралған,өзіндік ұшқыр қиялы бар, тарихымызды дәріптейтін, салтымыздан аспаған туындыларымызды көбейтсек қана "Отанды қөндіріс" дейтін саланы толықтай түсініп, өз шығармаларымызды алпауыт елдің алты шахарына жақсы қырынан паш ете аламыз!