Әлем жаңалықтары
Элязыг провинциясында
24 қаңтарда Түркияның шығысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 адамға жетті. Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.
Оның айтуынша, ауруханаларда зардап шеккен 104 адам жатыр.
- Барлығы 1607 адам ауруханаға түсті, олардың көпшілігі - жүйке ауруына шағымданғандар. Зардап шеккендердің саны – 594 адам. Қазіргі уақытта ауруханада 104 адам қалды, олардың 13-і реанимацияда жатыр, - деді Коджа.
Естеріңізге сала кетейік, 24 қаңтарда Түркияның шығысында магнитудасы 6,8 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуі Израильде, Ирак пен Сирияда да сезілді.