Weekend
Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық
Киноөндіріс – мемлекеттің мәдени жетістіктерінің көрсеткіштерінің бірі. Кино арқылы сол елдің өмір сүру салтын, әдет-ғұрпын, тарихыны, мәдениетін, өмірге деген көзқарастарын біле аламыз.
Әр халықтың киноға деген талғамы, сұранысы әртүрлі. Отандық киноөндірісіміздің тарихы 20-ғасырдан басталады. 20 ғасырдағы туындыларға «Амангелді», «Менің атым-Қожа», «Қыз Жібек», «Алпамыс мектепке барады» т.б. көптеген атақты туындылар жатады. Олардың әрқайсысының өзіндік тарихы, идеялық мазмұны бар. Ал 21-ғасырдағы кино туралы айтқанда ойымызға бірінші не келеді? Комедия ма? Тарихи кино ма?
Қазіргі таңдағы киноның көпшілігі бірсарынды. Комедия немесе тарихи жанрға көп көңіл бөлінеді. Оның өзінде комедиялардың сюжеттік желісі ұқсас. Аттарын атап айтпасақ та түсінікті. Қайталана беретін образдар, біртекті хикаялар орын алады. Мұның мәнісі неде? Себебі сұраныс комедия жанрына жоғары. Жұмыстан, қарбалас тіршіліктен шаршаған адам демалып, көңіл көтеріп, сергуге ыңғайлы дүние іздейді. Осыған орай комедия жанрындағы фильмдер де көбейе түседі.
Отандық киноөндіріс қарқынды дамуы үшін сол саладағы маман иелері осы саладан өз болашағын көруі керек. Ол үшін өнер тиісінше бағалануы тиіс. Өнерде тіл жоқ. Талант әр ұлтта да болады. Тек бағалай білетін жан болса. Қалыптасып қалған стереотиптер кино саласының жеткілікті дәрежеге жетуіне мүмкіндік бермейді. Кино саласының мамандарына мамандық иесі деп қарамайды. Әрине, оның өзіндік себебі бар. Бірақ киноның дамуына үлкен еңбек керек. Ал оған тиісті көңіл бөлінсе, нұр үстіне нұр. Себебі өнер құрбандықты талап етеді.