Денсаулық
Дүмпуі зор дерт
Қытай-Қазақстан шекарасы арқылыелгекірген тағы алты адам ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осыған дейін емханаға жатызылған екі адамды үйіне қайтарылғанын хабарлады.
- Таңертең төрт науқас ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілгеннен кейін босатылды. Жаңа ғана Алматыда бір адамды госпитализациялау туралы ақпарат келіп түсті. Ақмола облысында бір отбасынан бес кісі ауруханаға жатқызылды. Олар да Қытайға барған. Оларда жедел респираторлық вирустың белгілері байқалды. Екі баланың дене қызуы көтерілді. Ал ересектерден ешқандай симптом білінбеді. Десе де отбасылық байланыста болғандықтан, олар да ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады Бекшин.
Оның айтуынша, медицина қызметкерлері соңғы екі аптада Қытайдан келген азаматтарды анықтап жатыр. Министр соңғы 14 күнде Қытайдан келген қазақстандықтар мен шетелдік азаматтар дереу жергілікті поликлиникаға барып, тіркеуге тұруын әрі тексерістен өтуін сұрады.
Денсаулық сақтау министрі Біртанов ауруханаға жатқызылған барлық пациенттен қан анализі алынғанын айта отырып, "үш күн ішінденақты диагноз қойылады, тиісті терапия басталды" деп түсіндірді.
Министрдің сөзінше, 6 қаңтардан бері ҚХР аумағынан 25 858 адам Қазақстан шекарасы арқылы өткен. Олардың арасында қазақстандықтар да, шетелдіктер де бар. Бүгін күндіз 23 азаматтың дене қызуы көтеріліп, төртеуі ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.