Weekend
Жасыл ағаш
Рождество – Иса (ғ.с) пайғамбардың туған күніне орай өтетін христиан дініндегі басты мейрамдардың мейрамдардың бірі.
Қаңтардың 6-нан 7-сіне қараған түні әлемдегі барлық православ христиандары Рождество мерекесін атап өтеді. Дәстүр бойынша, бұл мерекеде бүкіл әлемнен келген христиандар шыршаларды безендіріп, оны мерекелік кештің орталық бөлігіне қояды. Сонымен діні мерекелік кешті тойлау, басталып кетеді. Осы кезекте таңғажайып жасыл шырша жайлы тоқталып өтсек.
Шындығында Ресейде жиі дәріптеліп, таңғажайып саналатын шырша ағашы, мерекелік ағаш деп есептелмейді. Оған қоса 1917 жылғы революцияға дейін ешкім бұл ағашты рождестволық мересінің символы деп санамаған. Бірақ ол мерекелік карточкаларда көрініс тапқан, өйткені жаңа жыл мен рождество мерекелерінің аралығы жақын тойланған.
Кеңес Одағы кезінде діни мерекелерді тойлауға тыйым салынған, сондықтан шырша жаңа жылдық шыршаға айналған. Балаларға сыйлық әкеліп отыратын әулие Николас Аяз ата ретінде танымал болған.
Рождестволық ойыншықтармен безендірілген шырша алғаш 1510 жылы Ригада (Латвия) пайда болды. 18 ғасырда шыршалар кішкентай шамдармен безендіріле бастады. Және де гирлянданы ойлап тапқанға дейін, әлемде көптеген өрттер болған. Жалпы рождество мерекесі қарсаңында біз тек шыршаларды ғана емес, сонымен қатар осы мерекеге орай безендірілген басқа да жасыл өсімдіктердің түрлерін кездестіре аламыз.
Осы орайда 1882 жылы Томас Аддисонның көмекшісі Эдвард Джонсон жаңа жылдық шырша үшін алғашқы электр гирляндасын ойлап тапты. Ал 1890 жылға келіп гирляндалар дүкендерде сатыла бастады. Рождествоны атап өтуге арналған алғашқы жасанды шыршалар Германияда 19 ғасырда жасалды. Және де сол жерден бүкіл әлемге таралған еді. Сол шыршаларды безендіретін заманауи ойыншықтар, дәстүрлі рождестволық алманың протипі болып есептелді. Және де ағаштың жоғарғы жағын әдеттегідей жұлдызбен немесе періштемен безендірілуі шарт болды. Бұл шыршадағы жұлдыз жаңадан дүниеге келген Вифлем құтқарушы жұлдызын бейнелесе, ал періште Марияға ізгі хабарды жеткізуші Гаврил періштені еске салды. 1870 жылы шыршаға ілінетін алғашқы әйнек ойыншықтары сатылымға шықты.
Осы ретте Бірінші шырша базары 1811 жылы Нью-Йоркте пайда болғанын ұмытпайық.
ХІХ ғасырда сыйлықтар көбінесе ағаштың астына емес, ағаштың бұтақтарына қойылған. Негізінде рождестволық базарлар мен дүкендердегі барлық тірі шыршалардың 98%-ы арнайы фермаларда өсіріледі. Сол себепті шыршаларды өсіру және сату әлемдегі ең ірі бизнеске айналды. Олардың иелері әлемге танымал мультимиллиардерлер болды.
Қазіргі уақытта АҚШ-та арнайы ғылыми бағдарлама іске қосылып, онда зерттеушілер жаңа жылдық шыршанының жаңа түрін ойлап табуда. Жаңа ойлап табылған шыршалардың тікендері көктем мезгіліне дейін жасыл болып тұрады. Жақында ғалымдар жетістікке жетіп қалуы да мүмкін.
Әлемнің көптеген елдерінде бүгінгі күнге дейін ағашты тек ойыншықтармен ғана емес, гүлдермен де әшекейлеу әдетке айналған. Сонымен қатар шырша қысқы демалыстың символы ретінде христианға дейінгі дәуірде қолданылған. Оған себеп: суық ауа-райының басталуына қарамастан ағаш өзгеріссіз және тірі сақталып отырғандығы. Рождестволық дәстүр бойынша, жаңа жылдық шырша - өзінің құтқарушы бейнесімен дүниеге келіп, мәңгілік өшпейтін өмірдің белгісі болған.