Әлем жаңалықтары

Гонконг жаңа коронавирусқа қарсы вакцина әзірлегендігі туралы хабарлады

Бірақ вакцинаны сынау – уақыт жағынан өте ұзақ болмақшы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гонконгта зерттеушілер Қытайда табылған коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцина жасап шығарды, алайда оны сынауға уақыт қажет.  

Бұл туралы Гонконг университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Юэн Квок-юнгтің сөзіне сілтеме жасай отырып, South China Morning Post хабарлайды.

«Біз вакцинаны дайындадық, бірақ оны жануарларда сынау үшін ұзақ уақытты талап етеді», - деп профессор вакцинаны қашан пайдалануға болатындығын нақтыламады. Оның айтуынша, жануарларда тексеру бірнеше айға созылады, ал адамдарда клиникалық зерттеулер жүргізу үшін кем дегенде тағы бір жыл қажет болады.

 

 

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61