Қоғам

Шымкенттегі жоғары оқу орнында адалдық дүкені ашылды

Шымкенттегі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде адалдық дүкені ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттегі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде адалдық дүкені ашылды. Студенттер енді кеңсе тауарлары мен оқу құралдарын сатушысыз-ақ өздері ала алады.

Дүкеннің ашылуына орай ұйымдастырылған шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері мен «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ерасыл Төлебаев және университет оқытушылары мен білім алушы үздік шәкірттер қатысты.

Жаңадан ашылған адалдық дүкенінде әрбір тауардың бағасы жазылған. Ал, ондағы заттарды сатып алушы студенттер мен оқытушылар ақшасын арнайы жәшікке салып кетеді. Оқытушылардың айтуынша, мұндай әдіс жастарды адалдық қағидатына тәрбиелейді. Әрі әрбір іс-әрекетін ойланып, бағамдап барып жасауға жол көрсетеді.

Білім ордасында сондай-ақ, «Парасат» мектебі де жұмыс істей бастады. Ол жастарға үш түрлі бағытта тәрибе береді. Оның алғашқысы саналы ұрпақ, екіншісі ізгілік елшісі деген тақырыпты қамтиды. Бұл бағытта өңірдегі сәулелі ғұмыр кешкен, адалдықты ту еткен азаматтармен кездесулер ұйымдастарылмақ. Ал, соңғысы жемқорлықтан ада қоғам құруды көздеп отыр.

Сонымен қатар жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында қазір университтеттің 16 жеріне үлкен лэд экран орнатылған. Оқу семестірінің соңындағы әрбір сынақты кез-келген адам осы экрандар арқылы бақылай алады.