Weekend
Этикет ережелері
1. Ешқашан шақырусыз келмеңіз. Егер сіздің үйіңізге де алдын-ала ескертусіз біреу келсе, сіз ол адамды халат пен бигудида қарсы алуыңызға болады. Ағылшын ледиінің айтуынша, шақырылмаған қонақ үнемі шляпамен және қолшатырмен келеді екен. Мұндай сәтте, келген адам оған жағымды болса, ол «сәтті күн!» деп айтады. Жағымсыз болса: «Әй, қандай өкінішті, менің кетуім керек», - деп ақталады.
2. Қолшатырыңызды ашық күйде қоймаңыз, әсіресе, кеңсе немесе меркелік кештерде. Оны бүктеп, арнайы стендке іліп қойғаныңыз дұрыс.
3. Сөмкені тізеңізге немесе орындыққа қоймаңыз. Егерде сөмкеңіз кішкентай клатч секілді болса, оны үстел үстіне қойыңыз. Ал үлкен болып жатса орындықтың артына немесе еденге қойылады (арнайы орындықтар көбінесе мейрамханаларда беріледі). Осылайша портфель еденге қойылды.
4. Целлофан пакеттерді супермаркетке барып сауда жасаған сәтте, ал қағаз қапшықтарды бутиктерде барғанда қолданған жөн. Оларды кейінірек сөмке ретінде алып жүрмеңізге кеңес береміз.
5. Ер адам ешқашан әйелдің сөмкесін көтеріп жүрмеуі тиіс. Ол тек гардеробқа барар сәтте ғана әйел затының пальтосын көтеріп жүреді.
6. Үй киімдері саналатын, шалбар мен жемпір ыңғайлы әрі әдемі көрінуі керек. Халат мен пижама таңертең ваннаға, кешке жатын бөлмеге жетуге арналған болғаны дұрыс.
7. Балаңыз бөлек бөлмеде тұрған сәттен бастап, оның бөлмесіне есікті қағып кіріп үйреніңіз. Содан кейін ол сіздің жатын бөлмеңізге кірер алдында солай істейді.
8. Әйелдер шляпасын бір орынға кіргенде шешпеуіне болады. Алайда шапкасы мен қолғабын шешуге міндетті.
9. Халықаралық протокол бойынша әйелдердің зергерлік бұйымдардың жалпы саны 13 заттан аспауы керек, зергерлік түймелер осының ішіне кіреді. Сақинаны қолғаптың үстінен киюге болмайды, бірақ білезікті тағуға болады. Көше неғұрлым қараңғы болса, әшекейлер соғұрлым қымбат көрінеді. Бұрын гауһарлар тұрмыс құрған ханымдарға арналған әшекей саналатын, бірақ та біраз уақыттан бері оларды кез-келген әйелдер қауымы тағатын болды. Осы ретте жас қыздарға шамамен 0,25 караттық сырғалар өте орынды.
10. Мейрамханадағы тапсырыс үшін ақы төлеу ережелері: егер сіз «мен сізді шақырамын» деген сөз тіркесін айтсаңыз, бұл сіз есепті сіз төлейтіндігіңізді білдіреді. Егер әйел іскери серіктесте мейрамханаға шақырса, ол төлейді деген сөз. Тағы бір тұжырым: «Ал мейрамханаға бірге барайық», - деп айтылса, бұл жағдайда бәрі өзі үшін төлейді. Ал егер де ер адамның өзі әйелге ақша төлеуді ұсынса, ол келісе алады.
11. Лифтке әрдайым бірінші ер адам кіреді, бірақ та бірінші болып есікке жақын адам шығады.
12. Автокөлікте ең беделді орын жүргізушінің артында деп саналады, сондықтан әйел адам ол жерге отырады. Дәстүр бойынша ер адам оның қасында отырады, ал көліктен түскенде есікті ұстап, ханымға қолын береді. Егер ер адам көлік жүргізсе, әйел оның артына отырғаны жөн. Алайда қайда әйел отырса да, ер адам оның есігін ашып, шығуға көмектесуі керек. Соңғы кезде іскерлік этикетте ерлер феминисттердің «Бизнесте әйелдер мен еркектер бірдей» ұранын қолдана отырып, бұл норманы көбірек бұзуда.
13. Сіз диетаға отырғаныңызды қатты айтып, мақтануыңызға болмайды. Сонымен қатар, бұл сылтаумен қонақжай үй иесі ұсынған тағамдардан бас тарта алмайсыз. Бірақта сіз еш нәрсе жемесеңізде , оның аспаздық өнерін бағалауды ұмытпаңыз. Және алкогольді ішімдік ішпейтіндігіңізде де басқаларға жар салып айтудың қадеті шамалы. Жәй ғана өзіңізге ұнайтын сусынды алдырып, содан аздап ішіп отырыңыз.
14. Кішігірім әңгімелер үшін тыйым салынған тақырыптар: саясат, дін, денсаулық, ақша. Кез келген жағдайда сізге жағымсыз сұрақ: «Құдайым, бұл қандай көйлек! Сіз оған қанша төледіңіз?» - деген секілді сөздер айтылуы мүмкін. Мұндай жағдайда қалай жауап беру керек? Жымиып күліңіз: «Бұл сыйлық!» - деп айтыңыз. Сөйлесуді басқа тақырыпқа аударыңыз. Егер әңгімелесуші айтуыңызды талап етсе, менің бұл туралы сөйлескім келмейді- деп жауап қайтарыңыз.
15. 12 жасқа толған әрбір жасөспірімге «сіз» деп сөйлеңіз. Даяшыларға немесе шоферлерге «сен» дегенді есту ұнамайды. Сіз жақсы таныс адамдарды да кеңседе «сіз» деген жөн. Ал жеке-жеке қалғанда қайта "сен" деп айтуыңызға рұқсат.
16. Бос әңгіме, яғни өсек айту дұрыс емес. Әдеттегідей туыстарыңызға күйеуіңізді жамандауға жол бермеңіз. Егер күйеуіңіз шынымен жаман болса - неге ажыраспайсыз? Сол сияқты өз туған жеріңіз туралы жеккөрінішті, ренішпен сөйлеуге болмайды. «Бұл елде барлық жаман...» - бұл жағдайда сіз де осы санаттағы адамдар қатарына жататын боласыз.Өйткені адам қандай болса, оның ортасы да сондай болады. Оны өзгерту өз қолыңызда.
17. Кинотеатрға, театрға, концертке барып, орындарыңызға отыру үшін ыңғайланған кезде, адамдардың тек бет әлпетіне қарау керек. Және де алдында бірінші - ер адам жүруі шарт.
18. Тоғыз нәрсені құпия ұстау керек: жас, байлық, үйдегі олқылықтар, дұға, дәрі-дәрмек, махаббат, сыйлық, сыйластық және намыс.