Weekend
Әрбір адам білуі керек маңызды теориялар бестігі
«Сынық терезе» теориясы
Бұл криминалды теорияны америкалық социологтар Уилсон мен Келлинг ойлап тапты. Олар 80 жылдары Нью-Йорктегі қылмыстық істердің неліктен өскендігін анықтауға тырысқан еді.
Сондағы шешім: кішігірім құқықбұзушылықтар (қоқыс лақтыру немесе граффити) үлкен қылмыс жасауға итермелейді.
Өмірден алынған мысал: Егер ғимараттағы бір терезе сынған әрі қайта жөнделмеген болса, жүргіншілер бұл іске жауапты адам жоқ деп ойлайды. Көп уақыт өтпей-ақ ғимараттың басқа терезелері де сынады. Себебі адамдар өздерінің бұл әрекеттері үшін жазаланбайтындығына сенемді болады. (Егер басқаларға істеуге болса, маған неге болмасқа? Бұл – адамдардың ойы)
Нью-Йорктің мэрі Рудольф Джулиани қаладағы заңбұзушылықтың тең жартысын аталмыш теорияның арқасында жойды. «Сынық терезе» теориясын әлемдік саясатта, мемлекеттік деңгейде, үйде және жұмыста пайдалануға болады.
Жаттанды дәрменсіздік
Бұл жағдайда адам өмірін өзгертуге мүмкіндігі болса да әрекетсіз отырады. Неліктен «жаттанды»? Себебі ешкім кедергіні жеңудің пайдасы жоқ деген оймен өмірге келмейді. Бұл ой әртүрлі сәтсіздіктер мен стрестің салдарынан туындайды. Өмірден соққы ала берген адам басынан өткізіп жатқан оқиғаларға өздерінің ешқандай қатысы жоқ екеніне сенеді.
Өмірден алынған мысал: Бір адам жоғары оқу орнына түсер кезде тапсыратын экзаменнен 2 рет өтпей қалды. Сонымен қатар ол аз жалақыға ауыр жұмыс жасайды немесе жанындағы жолдасын қыймайды. Негізінде шешім бар: экзамен билеттерін жаттау, басқа жұмыс табу, әрекетке кірісу. Сонымен қиындықтар аяқталады. Ал дәрменсіз адам жай ғана шешімі бар жолды көрмейді, қиындыққа төзіп жүре береді.
Не істеу керек:
- Перфекционист болуды қою. Өмірде 100% мінсіздік болмайды.
- Жағымсыз ойды санадан шығару. Жаман ой әлі бола қойған жоқ, ал адамдар одан қорқуды бастап та кетеді.
- Оптимист болу. Жаттанды дәрменсіздік деген секілді жаттанды оптимистік деген де түсінік бар.
Шындық үңгірі теориясы
Адам өмірге өзінің көрген тәжірибесінің фильтрімен қарайды. Бір кездері оның басынан өткен тәрбие, білім, барлық бақыт пен сәтсіздіктер шындық үңгірінің материалдары болып табылады. Сол себепті де адамдардың бір затқа деген реакциялары әртүрлі болады.
Өмірден алынған мысал: Леонардо да Винчидің «Джоконда» картинасын мысалға алайық. Оған қараған бір адам жұмбақ күлкіні көре алса, енді бірі математикалық кемелдікті көреді. Ал үшінші бір адам қассыз толық әйелді көреді. Бұл үш пікір иесі де қателескен жоқ. Олардың үшеуі де өздерінің шындық үңгірінде өмір сүреді, өздерінің ойларының дұрыс екеніне сенеді.
Бәрі шындық үңгірі теориясымен келіседі. Себебі бәріне ортақ ақиқат жоқ. Оның болуы да мүмкін емес. Өзіңнің үңгіріңнен қашу қиын. Ол ыңғайлы әрі үйреншікті.
Анонимді мәртебе теориясы
Адамдарды сиқырлы сөздердің көмегімен манипуляциялау қиындық туғызбайды. «Ғалымдардың айтуы бойынша», «эксперттер дәлелдеді» деген тіркестері бар, ғылыми зерттеулерге сілтемесі жоқ ақпараттар сенімге оңай кіреді. Адамдар бейсаналы түрде жоқ болуы да мүмкін эксперт пен ғалымға жүгінеді.
Өмірден алынған мысал: Дәрінің жарнамасында препараттың эффективтілігі ғалымдардың айтуымен расталған делінеді. Көрермен оған сенеді. Ғалымдарға қалайша сенбеуге болады?
Кез келген түсініксіз жағдайда дәлел талап ету керек. Айтқанын айқын дәлелдей алған адамға ғана сенуге болады.
Өзінен өзі орындалатын болжағыштық
Кейде алдын ала жасалған болжам шынымен де орындалады. Бұған ешқандай сиқырдың байланысы жоқ. Егер адам болжағыштыққа сенсе, ол шындыққа айналады. Кей кезде бұл парадоксті көз бояушылар өз пайдасына шешеді.
Өмірден алынған мысал: Бір экстрасенс ер адамға бірнеше күннен кейін ауруханаға түсетінін айтады. Әсершіл адам болуы мүмкін ауруы туралы ойлап көшеде көңілсіз келе жатады. Ол айналасына мүлдем назар аудармайды. Сол оқиғадан кейін бұл адам тротуарда құлап, білегі сынып, ауруханаға жатады. Осылайша экстрасенстің айтқаны оның көріпкел болғандығынан емес, ер адамның оның айтқан сөзіне сенгендігінен орындалады.
Сіз бұл теориялар жайлы білетін ба едіңіз? Сіздің ойыңызша, аталмыш теориялардың адам өміріне тигізетін пайдасы бар ма?