Hi-Tech

Қазақстанда ересектерге арналған QWANT жоғары технологиялар мектебі ашылады

22-45 жас аралығындағы 300 адам ІТ саласын үйренеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Алматы қаласында халықаралық сарапшылар мен Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысатын елдердің үкімет басшыларының қатысуымен өткен «Digital Almaty-2020: Әлемдік экономиканың цифрлық болашағы» форумы шеңберінде Қазақстан-АҚШ тарабының бірлесе жүргізетін технология мектебі жөнінде сұхбат алдық.

АҚШ-тағы танымал инновациялық оқу орны Qwasar Silicon Valley-дің негізін қалаушының бірі Кваме Ямгнане мен қазақстандық ұйымдастырушылар астанада АХҚО үздіксіз кәсіби даму бюросы базасы аясында құрылатын QWANT жоғары технологиялар мектебін іске қосу барысы туралы мәілімдеме жасады.

Сонымен қатар форумның бірінші отырысында үкімет басшысы "2019 жылдың қыркүйегінде біз инновациялық ІТ университетін аштық. Қазіргі кезде ITU  Amazon және UNICEF секілді алдыңғы қатарлы ІТ компаниялармен және даму институттарымен ынтымақтастық мәселесі пысықталып жатыр. «Астана» халықаралық қаржы орталығы негізінде бағдарламалаушыларды дайындауға маманданған америкалық Qwazar компаниясымен бірге ақпараттық бағдарламалау мектебін ашу жүзеге асырылу үстінде", деді Асқар Мамин.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға қажетті кадлар тобын қалыптастыру үшін «Әлем ІТ» мектебі, Астана және Алматыдағы ІТ университеттері аздық ететін көрінеді. Сондықтан америкалық Кремний алқабының практик мамандарымен бірлесе отырып, қолданбалы технологияға баулитын оқы орнын ашу қолға алынған.

АХҚО-ға қарайтын Үздіксіз кәсіби даму бюросының  жетекшісі Ернұр Рысмағамбетовтың айтуынша, «оқу үдерісі мектеп педагогикалық емес, андрагогикалық бағытта жүреді». Демек 22-45 жас аралығындағы ересек азаматтар ақпараттық технология, есеп және аудит, инвестиция саласы бойынша білім алады. Былтыр қаржы сенгментінде 3000-ға тарта ересек оқып шықты деседі. Бағдарламаның екі түрі қарастырылған. Толық күндізгі бөлім 6 айға, ал жұмыстан кейін кешкі оқу 1,5 жылға созылады. Үміткерлер ағылшын тілін бастапқы деңгейде меңгерсе де жарайды.

Ол QWANT жоғары технологиялар мектебі биыл сәуірден бастап эксприментті түрде интенсивті бағдарлама 6 ай оқытылатынын жеткізді.

– Бірінші лек грант негізінде қабылданады. Олар білім алып, жұмысқа орналастырып болған соң, басқа лек студенттерін ақылы түрде немесе демеушілердің қаражатымен оқыту мүмкіндігі қарастырылатын болады. ...Жастарға жасалып жатқан жағдай жеткілікті. Бұл 30 жастан асқан мамандардың кәсіби біліктілігін қайта жандандыруға зор мүмкіндік, – деді Рысмағамбетов.

Мектепте практик менторлар кәсіби нақты біліктер (жоғары деңгейдегі алгоритм, үлкен дата, машина құрылысы, базалық білім) мен soft skills (эмоциялық интеллект, коммуникация негіздері) дағдылары бойынша білім-тәжірибесін бөліседі деп жоспарланған. Аталған инновациялық-прагматикалық фермаға оқу-тәжірибе жағынан кеңесшілік ететін Qwasar Silicon Valley жетекшісі Кваме Ямгнане «Оқу бағдарламасы да "белсенді оқыту", тепе-теңдікті  андрагогика, жобалық оқыту, геймификация және рөлдік модельдеу қағидаттарына негізделеді. Бұл қағидаттардың барлығы бірнеше жыл бойы EPITECH университетінде тексерілді. Мектептің ерекшелігі, оқу процесінің фасилитаторы және бақылаушысы ретіндегі педагогтың болмауы. Яғни, оқу үшін жауапкершілік пен нәтижесі толықтай студентке жүктеледі, бұл тапсырмаларды шешуде креативтілік үшін мүмкіндіктер ашады, коммуникация дағдыларын дамытады, командада жұмыс істеуге үйретеді, нәтижеге бағдарлайды», – дейді.

Бастапқыда мектепке 50 студент, ал күзге қарай 150-ге жуық студент қабылданбақ. Олар екі кезеңді сынақ бойынша ашық іріктеліп алынады. Сондай-ақ жоғарыда аталған өзге де технология бағытындағы оқу ұйымдарымен интеграциялық қатынас орнатылу жоспарда бар көрінеді.

Еңбек нарығына мониторинг жүргізу арқылы  әзірге 300-ге жуық ІТ мамандарын даярлау көзделіп отыр.