Weekend

Кепебұлақ өңіріндегі жер-су аттары туралы тарихи деректер

Кепебұлақ (Бөдеті)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кепебұлақ өзені,Кепебұлақ ауылы,Кепебұлақ тауы

Ауыл да,өзен де,тау да кепебұлақ деп аталады.

Неге? Кепебұлақ деп неліктен аталған?

Ауылым тұнған тарих демекші Кепебұлақтың әрбір тасы да, құмы да, сай-саласы да ғасыр сырын шертетін тұнып тұрған шежіре.

Соның бірі - Кепебұлақ атауы. Сөзіміздің басында, Кепебұлақ өзенін басып Кепебұлақ тауындағы көп арналардың бірінен алады дегенбіз. Сол арнаның бірі - Секіртпе деп аталады. Сол Секіртпенің басында Кепе деген бай адам мыңғырған малын, қор-қора қойымен жыл сайын жайлайды екен. Ол кезде бүгінгідей малды әр түрлі аурулардан сақтайтын дәрілер жоқ. Кепе бай қожайын жазда қойларын бірнеше мәрте сол суға тоғытып алады екен. Бұл өзеннің қасиеттілігі сол мал қышыма, қотыр сияқты аурулардан аман қалады екен. Сонымен бірге ол кезде қазақтар қолөнерімен киіз, текемет сияқты төсеніш бұйымдарын түрлендіріп өздері жасайтын болған. Осы бұлақтың суына тоғытылған кепе,тоқты,қойлардың жүндерін жумай-ақ пайдалана беретін болған. Өз малын тбұлақ суына ғана шомылдыратын Кепебайдың бұлағы келе-келе « Кепебұлақ» деп аталып кеткен. Сол кепебайдың бұлағы Секіртпеден секіре-секіре жолындағы шағын бұлақтардың суын өзіне қосып отырып,бүгінгі Кепебұлақ аталған ауылдың шығыс беткейіндегі шағын өзекшені қуалай ағып, ауылды басып өтеді. Сондықтан осы өзен жағасына Ұлы жүз руынан Қайыпберді, Бесшал,сексен балалары мекендеп,ауыл Кепебұлақ деп аталып кеткен.

Қазақ халқының XVIII ғасырдыңбірінші жартысында қалмақ басқыншыларынан көп зардап шеккенін тарихтан білеміз. Біздің Кепебұлақ елі де қалмақ шапқыншылығына ұшыраған ауылдың бірі. Қазақ-қалмақ шапқыншылығы кезінде қазақтардың шабуылына төтеп бере алмаған қалмақтар тауға қарай жөңкіле қашып Кепебұлақ тауының қуысына орналасқан шағын қора секілді ойпаңға келіп тығылған екен. Сол ойпаң бүгінгі күні «Қалмақ қора» деп аталады. Осындай тарихи деректерге негізделген жер-су аттары Кепебұлақ өңірінде көптеп саналады.

Тастан қашалып жасалған белгісіз Қалмақ батырына арналған үлкен ескерткіш,тақта тастарға ойылып, жазылған пиктографиялық жазулар, қашап салынған аңдардың суреттері бүгінгі күнге дейін бар ғасырды бойына сақтап,жұмбақ күйінде шешімін келешектен күтіп әлі де шешілмеген қалпы тұр.

Біздің қазақ халқы өлген тадамның бейітіне шошайтып топырақ үйетін болса, қалмақтар жалпақ тастарды қатарлап тізіп үлкен оба тұрғызады екен. Кепебұлақтың өңірінде осындай оба тастар көптеп салынған.Кімге қойылған,не үшін орнатылған тастар екені әлі күнге дейін белгісіз.

Ауыл қарияларының айтуынша ол жерлерге қалмақтар көптеп қырылған кезде өздерінің адамдарының сүйектерін көмген деседі.

Кешегі өткен сұм соғыстың зардабы талай жүректі жаралап,талай баланың балалық шағына балта шапты емес пе? Соғыс салған жаралар бүгінде тарихқа айналып барады.Кепебұлақ ауылының өзінен соғыс жылдары халықтың басынанкешкен оқиғаларды тізбектесе, үлкен бір кітап болар еді. Солардың біразы жер атауларына байланысты.Ауылымыздағы соғыс және еңбек ардагері Асрандин Шәріп атамыздың айтуынша, Кепебұлақ тауында « Нұғман жылаған жыра» деген өзек бар.Бұлай аталу себебі, соғыс жылдарында ерлер атқаратын ауыр жұмыстың бәрі желбіреген келіндер мен буыны қатпаған жас балалардың иығына түсті емес пе? Сол кезде колхоз малына шөп шабу үшін бір топ әйелдер мен балалар тауға аттанды.

Күш-көлік аз,жұмыс өнбейді, шалғы ұстаған әйелдер « еркек емессің бе? Алдымызға түс» деп,соғыстан бір аяғы кем оралған Нұғманды алдарына салып шөп шабады.Шырға тарту секілді ауыр жұмыста да бригадир Нұғманға тиеді. Кілең әйелдер мен балалардың ортасында жалғыз ер адам,өзі кемтар адамға ауруы да батады, ауыр жұмыс та, әйелдердің әзіл-оспағы да жанына қатты батады. Осы қорлықтарға шыдамаған Нұғман «Бұлай қор болғанша,соғыста неге өлмедім» деп өкіріп жылаған екен. Содан бері сол жыра « Нұғман жылаған» деп аталады. Нұғманатаның өзі бертін жылдары қайтыс болды.

Сонымен бірге Кепебұлақ ауылының төменгі жағында «Дайырсараң» деген сай бар.Сол сайда түрлі жеміс ағаштары өрік,алма,алмұрт,шабдалы бүгінгі күнге дейін бар. Сол сайды Дайыр деген адам жалғыз өзі баққа айналдырған екен. Еш жерде өспейтін ағаштар да осы сайдан табылады. Дайыр ата оған ешкімді жолатпайды екен,жемістерін де ешкімге жегізбеген. Оның тілін тапқан адамдар ғана жейтін көрінеді. Сондықтан халық Дайырды ешкімге ештеңе бермейтін сараңдығына қарап Дайыр сараң деп аптап кеткен екен. Жалпы Кепебұлақ өңірінде «Кептерші», « Тамшыбастау», «Бұрған сай», «Жіңішке», «Талтұйық», «Қарабайдың ұясы», «Қарабаланың қайқаңы», «Қожабайдың тамы», «Бағиян өртеген», «Бесқарағай», «Жалғызқарағай», т.б.

Қалайда кепебұлақтың қойнауы толған құпия,тарихи деректер,аңыздар мен естеліктерден тұрады.