Қоғам

Ескі «Жигули»: Ақтөбелік шебер қарда жүретін көлік құрастырды

Ақтөбелік шебер көлік құрастырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбелік шебер шаруа қожалығына қарда жүретін көлік құрастырып берді. Ескі «Жигулидің» доңғалағы шынжыр табанды әрі шаңғысы бар.

Ақтөбенің Алға қаласында темір ұстасы шаруа қожалығының басшысы Бектұрған Ідірісовтың өтінішін орындап, ескі «Жигулиді» қайта кәдеге жаратты. Бұл - қажеттіліктен туған көлік. Ауданнан 30 шақырым жерде мал бағатын шаруа қыстағы боранда қатынассыз қалып, қиналған соң амалын тапты.

«Бұл 2007 жылдан бері ойда жүрген жұмыс еді. Темір ұстасына өтініш жасағанда ол бірден келісті. Ескі «Жигулиді» мен көршімнен алдым. Ол бұған дейін бұзылып, бос тұрған болатын. Бәрі кәдеге жарады. Ең қымбаты шынжыр табан болды. Әрқайсысын 300 мың теңгеге сатып алдық. Көп жұмыс темір ұстасының еншісінде», - деді шаруа қожалығының басшысы Бектұрған Ідірісов.

Оның айтуынша, қарда жүретін көлік қымбат. Ең арзаны 5-6 миллион теңге тұрады. Әрі қыста салқын, жаңа көліктің іші жылы.

«Алғашқы сынақты жасап, ауыл ішінде жүріп көрдік. Жарамды, ыңғайлы. Көріп, білген соң адамдар хабарласып, кейбірі 15-20 күн бұрын жоғалып кеткен жылқысын іздеуге көмек сұрады», - деді кәсіпкер.

Темір ұстасы қазір көлікті сынақтан өткізіп, қажетті бөлшектерін өзі жасап жатыр.

«Маған жаңа дүние жасау, оны сынақтан өткізіп, кәдеге жарату өте қызықты. Сондықтан бұл жұмысқа қуана келісіп, көлікті жүргіздім. Көлік қарда жақсы жүреді», - деді механик Юрий Гегельман.

inform.kz