Білім және ғылым

Енді шетелдіктер Абай шығармаларын өз тілінде оқи алады

Кітабы аударылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында ақын шығармаларын әлемнің 10 тіліне аударуға қатысты қызу жұмыс жүріп жатыр. 

Аудармашылардың айтуынша, ақынның туындылары таңдап алынған тілдердің басым бөлігіне түпнұсқадан аударылуда. «Бұл ұлы ойшылды әлемге жақындатып, мазмұнын тереңдетуде таптырмас құрал» дейді аудармашылар. 

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында ауқымды жобаға кіріскен Ұлттық аударма бюросында нағыз қарбалас шақ. Мамандар Мәскеудегі қабырғалы қаламгер Анатолий Киммен ғаламтор арқылы тілдесіп, Абайдың қара сөздерінің орыс тіліндегі жолма-жол аудармасының көркемдік қуатын талқылап жатыр. 

Биыл ұлы ақынның шығармалары әлемнің маңдайалды 10 тіліне аударылады. Абай туындылары бір ғасыр ішінде әлемнің көптеген тіліне аударылса да, бұл бастаманың жөні бөлек. Өйткені ақын шығармалары осы жолы басым бөлігіне түпнұсқанадан аударылуда. 

Енді шетелдіктер Абайдың 3 поэмасын, 45 қара сөзі мен 145 өлеңін өз тілінде оқи алады. Ал ақынды орыс тілінде сөйлеткен жазушы: «Оның әлеміне тереңдеу оңайға түспеді», - дейді.