Әлем жаңалықтары
Австралиялықтардың жан айғайы
Австралиялық Хелен Уоклей (Helen Oakley) есімді әйел өзінің фейсбук парақшасында Австралияның Виктория штатында өрттен аман қалған коалалардың өліп жатқанын хабарлап, желіге эмоционалды видео жариялады.
Бұл видео әлеуметтік желі де көп қолдау тапты. Видеода ол "мында өлген коалар жатыр, үлкені де, кішісі де бар, олар біздің барлық коалаларымызды өлтірді. Австралия бұл үшін ұялуы қажет" деп дабыл қағып, биліктің бұл мәселені тез арада шешуін талап етті. Белсенділердің болжауынша, бұл коалалар аштықтан немесе бульдозерлердің астында қалып қырылып қалуы мүмкін.
Айта кетейін, осыған дейін, жыл басында орын алған Австралиядағы алапат өрттің әсерінен 1 миллиардтай жануар өртеніп кеткен, оның ішінде тек қана Жасыл континентте кездесетін тип пен түрлер де болған. Ал коала болса, санының күрт азаюына байланысты "жер бетінен жойылып кету қаупі бар" жануарлар қатарына енгізілуі мүмкін.