Қарды уақытылы күремеген: Астаналықтарға айыппұл салынды - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

6 миллион теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтанда қарды уақытылы тазаламағаны үшін 200-ден астам астаналық жауапқа тартылды.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың басынан бері қарды уақытылы тазаламағаны үшін 200-ден астам құқық бұзушы 6 миллион теңгеден (шамамен 15,7 мың доллар) астам сомаға жауапқа тартылды.

Қызмет көрсетілетін үйлердің іргелес және бекітілген аумағын уақытылы және дұрыс тазартпағаны үшін 40-тан астам қызмет көрсетуші ұйым  (ПИК, ЖШС) және 30-дан астам мердігер ұйым шамамен 3 миллион 900 мың теңгеге жуық сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қарды рұқсат етілмеген жерлерге түсірген 40-қа жуық жүк көлігінің жүргізушісіне миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Нұр-Сұлтандағы төтенше жағдай режимі

27 қаңтардан бастап Қазақстанның астанасында ауа-райының нашарлауына байланысты жергілікті ауқымда төтенше жағдай режимі жарияланды.

Төтенше жағдайлар комитеті климаттық жағдай "айтарлықтай күрделі және нашарлауы мүмкін" деп атап өтті.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру