Weekend
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөздің қадір-қасиеті қалды ма?
Әрине, кез келген адам, ең алдымен, өз өмірінің мәнді де сәнді өткенін қалайды. Шет елге жаппай көшіп кетіп тұрақтап қалатын адамдардың саны біршама. Оның бірнеше себебі бар.
1. Білім беру жүйесі. Көптеген елдер өзінің елін, тілін насихаттау мақсатында жас түлектерді өздерінің жоғары оқу орындарымен қызықтырады. Мысалы, Түркияда мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу жылына 150-200 доллардан басталады. Чехия мемлекетінде чех тілін белгілі бір дәрежеде білетін болсаңыз, оқу тегін. Мұның барлығы шетелдік түлектерге жасалған жағдай. Ал Қазақстан Республикасында Алматы қаласында оқу 1,25 млн теңгеден басталады. Сапалы, халықаралық диплом табыс етілетін, арзан оқуға жастардың ұмтылуы түсінікті. Ал оқу бітірген соң көптеген елдердің бірінде жақсы жұмысқа орналасатына сенімді болады.
2. Өмір сүру. Сауд Арабиясында бір адамның жылдық шығын мөлшері орта есеппен 7000 евроны, ал Ресейде 5000 евроны құрайды. Европаның да көптеген елдерінде де шығын мөлшері көп, соған сәйкес жұмыспен қамту ерекшелігі байқалады, айлық мөлшері де жоғары болып келеді. Оған қоса, өмір сүру салты мен дағдысы да қазақстандықтарды қызықтыра түсуі мүмкін. Мансап қуалайтын адамдар да өз болашығына мүмкіндіктер көріп сыртқа ұмтылады. Бұл патриотизмге қайшы келмей ме?
Яғни, ол адам ұлт тағдыры мен елінің болашағын басшылыққа ала бермейді. Оқу бітірген соң, сол елде тұрақтап қалады. Әр азамат елінің өркендеуіне атсалысуы керек. Себебі мемлекеттің дамуы үшін әр адамның үлесі маңызды. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» демекші, Отан алдындағы парызды барлығы бірге өтеуі керек. Сонда ғана ел дамиды, болашақ жарқын болады.