Әлем жаңалықтары

АҚШ президенті Мадуроның «тираниясын құлатуға» уәде берді

Демократияны қалпына келтіруге қолдау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп 4 ақпанда Конгресстегі жыл сайынғы сөйлейтін сөзінде Венесуэлада Николас Мадуроның «зұлымдығын жоямын» деп уәде берді.

- Америка Құрама Штаттары Венесуэланың социалистік диктаторы Николас Мадуроға қарсы 59 елдің дипломатиялық коалициясын басқарады. Мадуро – заңсыз билеуші, өз халқына қиянат жасайтын тиран. Бірақ Мадуроның тираниясы жойылып, талқандалады, - деп атап өтті америка басшысы.

Трамп АҚШ «кубалықтардың, никарагуалықтардың және венесуэлалықтардың демократияны қалпына келтіруге деген үміттерін қолдайтындығын» атап өтті.

Осыдан кейін ол залда отырған венесуэлалық оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоға қарап, оны АҚШ «шынайы және заңды президент» деп санайтындығын айтты.

Еске салсақ, 2019 жылдың қаңтар айының соңында Венесуэлада Мадуроға қарсы жаппай наразылық басталған болатын. Осы кезде оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо өзін елдің уақытша президенті деп жариялады.

Заңды Мемлекет басшысы ретінде Гуайдоны АҚШ, Лима тобының қатысушылары (Мексиканы қоспағанда), Америка мемлекеттерінің ұйымы және Еуроодақ елдерінің көпшілігі мойындады.