Сараптама

Жаңа құпия: NASA-ның қандай қайғылы жаңалықтары бар?

NASA кванттық құпия туралы мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осы аптада NASA орбиталық телескопының бірі жұмысын тоқтатып, ауаны ластайтын компаниялардың тізімі қарастырылды. 

Физиктер кванттық әлемдегі ең ерекше құбылысты байқады

Ғалымдар кванттық жүйені бақылаудың салдарынан оның тұтастығының бұзылуы мүмкін екенін біледі. Дегенмен де әлемдік зерттеушілер бірнеше рет физика заңдарына қайшы келетін түсініксіз кванттық процестерді анықтады.

Австрия және АҚШ-тың физиктері жақында жасаған экспериментінде элементар бөлшектердің кванттық күйге көшу жағдайларын анықтады.

Ғалымдар қара құрдымды зерттеудің революциялық әдісін тапты

Еуропа, АҚШ, Канада және Қытайдан келген бір топ ғалымдар қара құрдымның айналасын егжей-тегжейлі зерттеп, талдап, оның тәжіндегі процестерді бақылады.

Жаңа технологиялық өлшеу бойынша қара құрдымның массасы мен айналу жылдамдығын анықтауға болады. Мүмкін бұл - ғаламның пайда болуы туралы жаңа нәрсені білуге берілген мүмкіндік шығар.

Бермуд үшбұрышы туралы

Американдық зерттеушілер тобы 1925 жылы Бермуд үшбұрышында жоғалып кеткен Cotopaxi сауда кемесінің апаты болған жерді көрсетті.

Cotopaxi-дің 1925 жылы жоғалуы мистикалық оқиға деп саналды.

Ал 1980 жылы Флорида жағалауында белгісіз кеменің қалдықтары табылды. Олар сол кезде бұны 1925 жылғы құпиямен байланыстырмаған еді.

Алайда 30 жылдан кейін ғалымдар зерттеу жұмыстарына қайта оралғанда, Бермуд үшбұрышында жоғалып кеткен кеме мен Флорида жанынан табылғанын кеме қалдықтарының сәйкес келетінін дәлелдеді.

NASA Spitzer-мен қоштасты

Әлемнің суық нысандарын зерттеген Spitzer орбиталық телескобы Жерге ең соңғы ғылыми деректерді жібергеннен кейін жұмысын тоқтатты.

NASA 2003 жылы іске қосылған Spitzer-ді қаржының жетіспеушілігінен жапты.

Шындығына келгенде, инфрақызыл сәулеленуді анықтауға арналған телескоп тек бес жыл жұмыс істеуге арналған болатын. Ал оның шамамен 17 жыл жұмыс істеуі NASA технологияларының деңгейін көрсетеді.

Ең қарасы

Осы аптада жаһандық жылынуға қай компаниялардың кінәлі екені анықталғандай болды.

Тосынсыйларға толы қызықты деректер табылды. Бұған Amazon-ның не қатысы бар?..