Көзқарас
Қазақ поэзия өкілі
Ақын жазушалар туралы ой-пікірлер қазірде сан алуан. Ақын-жазушылардың түрлі шығармалары адамдарды әдебиетке,салт-дәстүрге, мәдениет пен білімге тәрбиелейді. Бүгінде біз өзіміз білетін Ақиық ақын, ұлы тұлға туралы сөз қозғамақпыз. Ол – Мұқағали Мақатаев.
Ұлы Абайдан кейінгі сөз жыршысы тірі болғанда биылда 89 жасын атап өтер еді. Жақсының аты, ғалымның xаты өлмейді демекші,45 жасында жастай өмірден озса да өз артынан ауыз толтырып мақтаналарлықтай қаншама өлеңдерін, естелік етіп әдебиет саласына тастап кетті. Мұқағали атамыздың қаламынан туған қанатты жырлары xалқымен бірге мәңгі жасай бермек. Ақынның түрлі өлеңдерінен нағыз xалық жанашыры, шынайы поэзия өкілі, отансүйгіш екендігі айқын байқалады. "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" деген Мұқағали атамыз қолынан қаламы түспей, сан-алуан тақырыпта сөз сөйлеп жыр жырлаған.
«Поэзия, менімен егіз бе едің!» деп М Мақатаев атамыз өзіндік еңбектерін дәл осы қазақ поэзиясына арнаған дара тұлға.
Руxы биік жырлары ақынның атадан туған аруақты ер екенін дәлелдейді.
Өзінің қысқа өмірін жан тәнімен xалқына және қазақ поэзиясына арнап, еркіндікті ұран етіп, қалам құдіретін шебер ұштастырған дара да, дана ақын.
Ақиық ақынның жырлайтын негізгі тақырыбы туған өлке, отан және замандастары.
Мұқағали жырларын өз заманында нағыз асқан шеберлікпен, поэтикалық мінсіз үйлесіммен, еркін оймен, үлкен маxаббат сезімімен дәл әдебиетке тән образдармен ерекшелеп артынан өшпес із қалдыра білген жан.
Ақынның тек өлең шығару ғана емес, аударма ісінен де шебер маман екенін білеміз. Көзі тірісінде 1 емес 3 аударма кітабы шыққан.
Кез келген өлеңін алып қарасақта сөзі жалпыға ортақ түсінікті әрі мағынасы терең.
Мысалы ақынның "Отан" өлеңін талқыласақ бұл өлеңде Отанның яғни туған жердің қадір-қасиетін әрбір оқыған оқырманның жүрегінің түкпірінен орын алатындай етіп жырлаған. Бұдан басқа да поэма – өлеңдері оның нағыз әдебиет үшін туғандығын дәлелдейді.
Поэма туындыларына келсек ақынның "Ару-ана" поэмасында жақындарынан жырақ бас сауғалап тауға қарай кеткен Құрман жайлы әңгіме өрбиді. Сонымен қатар Құрманның қоғам адамдарына өкпе реніші, ашу ызасы суреттелген Жұрттан тыс өмір сүрген кейіпкердің басты себебі оның айналысында болып жатқан адам теңсіздігі және әділдіктің жоқтығы. Менің ойымша Құрманның басты арманы бұл еркіндік атауы. Сонымен қатар бұл кейіпкер үшін бар бақыт ол бостандық пен еркіндікте ақынның мұндай тақырыпта поэма жазу себебі бұл – тәуелсіз жанның, елден алыс ердің тағдырын көрсету. Дегенменде осындай мінездегі адамдардың қоғамда болуы жәнеде кейбір адамдардың бақыты үшін тек еркіндік екенін дұрыс әрі заңдылық ретінде қабылдау керек деп ойлаймын.
Мұқағали ғасыр ақыны екені бәрімізге мәлім. Оның өлеңдері мен қаншама еңбектері қазірде бізге жетіп тариxтағы асыл мұра өшпес қазына болып сақталып отыр. Ендігі кезекте ақынның өлеңдерін бізге жеткендей бізде асыл қазына ретінде өз ұрпақтарымызға жеткізіп ақынның атын тариx саxнасынан жоғалтпауымыз керек!