Weekend

Ақша үнемдеудің қандай жолдары бар?

Байып кету керек еді...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көл - тамшыдан, ақша - тиыннан құралады. Ал сол қасықтап бір ай бойғы тергенің ай соңына неліктен жетпей, ақша жоқтың күйін кештіреді?

Адам баласының қажеттілігі шектелмек емес. Айлық кірісің қанша болса, шығының да сонша. Бірақ бұл сөз кәсіпкерлер үшін емес. Өзіңіздің айлық жалақыңыздың қайда кеткендігін әлі есепке ала алмай жүрсеңіз, төмендегі кеңестер сіз үшін болмақ:

1) Жалақыңызды алған бетте бірден дүкен араламауға, азық-түлік алмауға кеңес береміз. Жалақы қолына тиген бойда адам баласы өзін автоматты түрде бай сезініп, өзіне қажетсіз заттарды сатып алуы арқылы, ай соңында шығынға батады.

2) Азық-түлік алмас бұрын қажетті заттардың тізімін жасап алған жөн. Ал сатып алу кезінде сол тізімнің тек 60%-ын ғана сатып алған жөн. Айтқымыз келгені нақты сол затты сатып алмаса тамақ піспейді, киім жуылмайды делінген негізгі қажеттілікті алу. Қалған аса маңызды емес дүниелерді келесі сауда жасауға қалдырсаңыз болады.

3) Қалауыңызды армандап, мақсатқа айналдырыңызда депозит ашыңыз. Ай сайын депозитке ақша салуды ұмытпаңыз, бірақ депозитіңізде ақша барын ұмытып, бар ақшаның қатарынан ысырып тастаңыз.

4) Қолма-қол ақша ұстауды әдетке айналдырыңыз. Ал егер төлем картасымен сауда жасау тиімді болса, ұялы телефоныңыздағы картаңыздың приложениесі арқылы шығын санын тексеріп отырыңыз.

5) Бір ай бойы әр шығыныңызды ұялы телефонға енгізіп отырыңыз. Тіптен, 5-10 теңгесіне дейін жазып қойыңыз. Ай соңында сол шығындарыңызды көргенде, осы затты алмасамда болар еді ғой деген тоқталымға келіп, артық шығыннан біртіндеп бойыңызды алшақтататын боласыз.