Weekend
Айға қонған Чанъэ-4-тен "хабар" бар ма?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comНегізгі құрылғы «күту» режимінен «оянған». Қадағалаушылар оны «күту» режимінен бұл режимге айға қонғаннан кейін ыстық температураға қарсы төтеп беру үшін қойған болатын. Күн ең биік көкжиекке көтерілген кезде температура +200 градусқа дейін баруы мүмкін. Бірақ Қытайдың айды барлау бағдарламасы (CLEP), 11 қаңтар күні таңертең, «Yutu 2» аппараты, сонымен қатар түсіру құралдары мен спутник-ретранслятор «тұрақты күйде» екенін мәлімдеді.
Чанъэ-4-тің мақсаты айдың бізге көрінбейтін бөлігін зерттеу болатын. Айта кетейік, Чанъэ-4 – айды және ғарыш кеңістігін зерттеуге арналған Қытайдың автоматты планета аралық станциясы.
Чанъэ-4 желтоқсанның 7-сі күні Қытайдағы Сичан ғарыш аймағынан ұшырылды. Ол 3 қаңтар күні 3:26-да (Пекин уақытымен) айға қонған еді. Бұл айдың бізге беймәлім бөлігін зерттеуге бағытталған бірінші талпыныс.
Қытайдың айды барлау бағдарламасы (CLEP) айдан алынған кескіндердің анық екендігін айтып отыр.