Көзқарас

Туған өлке

Аралым айдын шалқарым

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алагеуім таң, кешқұрым үйірілген ымырт. Сам жамыраған өліара. Жағаға шулай соққан теңіз дыбысы мен шаңқылдаған шағала үні. 

Шаңқай түс, ақ шаңқан щатырлы қоржынтам. Барлығы менің кішкенеден көңіл суреттеріме туған жерден орныққан түс мінез, әлеміш өрнекті асыл зер екен. Анығы, мен өскен мекен, кішкенеден кең тыныстаған несібелі алқап- нәресте көңілмен иткөйлегім сипаған туған жер ғана емес, менің зерделі, руханият қайнарым болыпты. Қазақы тәрбиемнің, азаматтық тұрғымның берік тасқайнары, тұтас ұлт перзенті ретіндегі тұнық болмысымның сөгітілмес іргетасына айналыпты. Кеудесін басқанда ұлтанымнан жүрегіме бойлап, санама сіңген бәсіре мекеннің еншілі атауы - айдынды Арал. 

Бұл құтты мекеннің бар болмысын баяндасам, санам сан тарапқа жүгіріп, құдыреттілігінің кейбір тұстары қалыс қалама деп тұңғиық ойдың терең түбіне шомыламын. Алып шаһардың, айбыны асқақтаған, алып азаматтарыда аз емес. Дегенмен бағы мен соры қатар жүретін Аралдың бүгінгі кейпі мен тұрмыс-тіршілігі бүлінген Байқоңырданда бетер. Алайда төрткүл дүниені дүр сілкіндірген, теңізі терең қасиетті мекеннің, бір мезетте айтарлықтай опатқа ұшырауы, туған өлкенің тынысын тарылтпады.

Әбжәміл атамыз жазған «Қан мен тер» бұл шағаласы шаңқылдаған, құтты мекеннің, жергілікті тұрғындардың ұранына айналған асыл сөз іспеттес десек те қате пікір емес. Арал қаласы бірі білсе енді бірі оқыстан жаңалық естігендей таңырқауы мүмкін, алайда қазақтың ертеңін ойлап, қамын жеген, кемел саясаткер, тұңғыш премьер министр Ұзақбай Қарамановтың кіндік қаны тамған жер. Дегенмен аймақтың тарихи құндылықтары осымен бітпейді.

Қырқа дөңін бастамалап шыққан қызылшапақ күн, қымтырыла қияқтанған ай, сай-саласын қимай бауырлап жатып алған көлеңке-сағым, шекесінен жел иіскеп жазуыма қазақы бояу құйған боз жусан, саржылқын дала, туған жер - Аралымның киесі маған осылайша дем береді.