Weekend
Цифрлы Қазақстан
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Бүгінде цифрландыру экономиканы дамытудың негізі болды деп айтсақ қателеспейміз.
Цифрлық технологияларды дамыту бүкіл Еуразиялық экономикалық кеңістіктің басымдығы деп аталады. Қазақстанда "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы әзірленді, ол технологиялардың жылдам өсуінің және қызметтерді электрондық форматқа қайта бағдарлаудың негізіне айналуы тиіс. Тұжырымдаманы әзірлеушілер атап өткендей, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының мақсаты орта мерзімді перспективада сандық технологияларды пайдалану есебінен экономиканың даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасау, сондай-ақ экономиканың ұзақ мерзімді перспективада сандық экономиканы құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшу болып табылады.
Бес негізгі бағыт Осы тұжырымдаманың негізінде бес негізгі бағыт, атап айтқанда экономика салаларын цифрландыру – еңбек өнімділігін арттыратын және капиталдандырудың өсуіне әкелетін серпінді технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, экономиканың дәстүрлі салаларын қайта құру. Электрондық қызметтерді дамыту. Цифрлық мемлекетке көшу – халыққа және бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын оның қажеттіліктерін алдын ала отырып, қайта құру бағыты. Цифрлық Жібек жолын іске асыру-яғни деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жоғары жылдамдықты және қорғалған инфрақұрылымын дамыту болып табылады.Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалуға болмайды. Тарихтағы алғашқы компьютерлер...
Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалуға болмайды. Тарихтағы алғашқы компьютерлер үлкен бір бөлменің көлеміндей алып болған болса, қазір көзге көрінбестей қалыпта жасалуда. Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде. Әлемдегі ең алпауыт компаниялардың қатарындағы алғашқы орындар АҚШ және Жапон комапанияларына бұйырады.Жаңа технологиялардың арасынан дисктердің даму процесіне көз салсақ, өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы IBM 3380 Disc Sysytems құрылғысының ақпарат сақтау қабілеттілігі небары 2,5GB болды. Ал қазіргі күндердегі бір ғана MicroSD Card-тардың сыйымдылығы 32GB. Сыйымдылығы жағынан көлемі жағынан да бағасы жағынан да екеуінің айырмасы ”жер мен көктей” деңгейде. Төмендегі суретте 1980 жылдардағы 8 жәшіктен тұратын 2,5GB сыймдылығы бар IBM 3380 Disc Sysytems құрылғысы мен қазіргі таңдағы MicroSD Card дискілері салыстырмалы түрде қарастырылған.
XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі [1].
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:
Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады [2]. Жаңаша оқыту технологиялардың бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы — технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.
Бізді, ағылшын тілі пəні мұғалімдерін, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы несімен өзіне баурап алды:
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады: