Көзқарас
Білім алу
Қазақ жастарының қазіргі уақытта заман талабына сай білім алуға деген құштарлығы қуантады. Өз білімін одан әрі шыңдау мақсатында шетелге кеткен жастарымызда жетерлік.
Жаңа техникаларды игеру, әлемдік тілді жетік меңгеруқазіргі заманның басты талабы десек қателеспейміз. Шетелде білім алу мақсатында елімізде арнайы бағдарламалар ұйымдастырылып, білім алушы жастарды қуантуда. Осы уақытқадейін белгілі «Болашақ» бағдарламасы болса, көбісібіле бермейтін шетелде білім алуға ниетті жастар назарына, арнайы бағдарламаларды атап өтсек:
1.DAAD шәкіртақылық бағдарламасы. Гумбольдт атындағы Берлин университеті.
2.Chevening шәкіртақылық бағдарламасы. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі
3 .Fulbright шәкіртақылық бағдарламасы. Гарвард университеті
4.Эдмунд Маски шәкіртақылық бағдарламасы. Массачусетс технологиялық институты.
5.Конфуций институтының шәкіртақылары. Пекин универиситеті
6. Еndeavour Awards шәкіртақылық бағдарламасы. Мельбурн универиситеті
Осы бағдарламалар арқылы тізімде көрсетілген универиситеттерге барып, қазақ жастары өз білімін шыңдауына болады. Әр шетелдік оқу орнының өзталабы бойынша емтихан тапсырылатынын да ескесала кетейік. Шетелде білім алу жастардың мықты, жан-жақты болуына әсер етеді. Бұндағы негізгімақсат: өзіне өзге елден керегін алып, Қазақстанның өркендеуіне сол алған білімінің пайдасын тигізіп, елдің әл-ауқатын жақсарту. Елдегі білімді, ой-өрісі кең, әлем жайлы ақпараттардан хабардан азаматтардың санын көбейту.
Қазақ баласының шетелде білім алу жақсы. Бірақ осы орайдағы ең маңызды мәселе: шетелге білім қуалап кеткен жастарымыздың қайта оралмауы. Сол жақта жұмыс жасап, өз отбасын шетелде құрып, елге тек қонақ ретінде келіп-кетуі. Бұл маңызды мәселе. Жастар - ел болашығы, мемлекетіміздің даңқын көтеріп, әлемге танымал ететін де солар. Біздің болашағымыз деп шетелге жіберген жастарымыздың қайта оралмай сол жақтақалып-қалғаны өкінішті ақ.
Осы орайда студенттерден алған сауалнаманыталдай кетсек: ЖОО-да білім алатын 5 адамның 4-еуі шетелде білім алғысы келеді. Негізгі себеп білімін шыңдау болғанымен, өзге мемлекеттері көру қызықтыратынын айта өтті. Тағы бір айтылған мәселе еліміздегі оқу орындарында қажет емес сабақтардың өтілетінін, кейде демалыс (сенбі) күнінде сабақ өтетіндігіне наразылық білдірді. Айта өтейік, Қазақстанда 2 жыл оқытылатын магистратураны өзге елде, 1 жылда оқып шығуға болатындығы, өзге елде білім алып келген адамды жақсы жерлердің ешқандай қиындықсыз жұмысқа қабылдауы. Шетелде білім алып, ұнаса сол жақтақаламын, деген пікірлі студенттерде табылды.
Қаншалықты өзгеде білім алғанымен, ол жақтақазақ азаматының тұрақты қалуына келіспеймін. Білген, үйренген дүниені еліміміздің пайдасына жаратып, өз елімізде жұмыс жасағаны дұрыс. Әрбір жас-қазақ елінің жарқын болашағы екенін ұмытпауы тиіс!