Көзқарас

Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың өкпесі» мақаласындағы заман келбеті

Он тоғызыншы ғасырдағы ұлт зиялысы халықты не себепті жазғырды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ахмет Байтұрсынұлы - ақын, ағартушы, өткен ғасырдағы қазақ зиялы қауымының белгілі тұлғасы. "Қазақ" газетінің шығуына атсалысқан кісі. Он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысында газет бетіне жария етілген "Қазақтың өкпесі" мақаласы отарда болған халқымыздың білімге деген көзқарасы жайында болды.

Ел болу үшін жер керек. Қазақ халқының түбі боп саналатын түркі халқы ежелден батыл да батыр, бірлігі жарасқан халқы үшін, айрандай ұйыған ұлты үшін қай жерде болмасын  қасық қанын төгуге әзір болған. Біздің бабаларымыз Қазақ хандығын құрғалы жеріне жайдан жай ақ құлақ орысты да, құрт жеген қытайды да кіргізбеген. Себебі, ұлттық намыс сыйластықтан басымырақ болған.

Ахмет Байтұрсыновтың айтуынша, орыс мұжықтарына қазақтар жерді өздері берген көрінеді. Бірақ тарихты еске алсақ, 1867-1868  жылғы реформа көшпенді қазақ даласына айтарлықтай өзгеріс әкелгені белгілі. 1886 жылы Ереженің III тарауында жер мәселесі туралы: «Мал жайылымы алып жатқан мемлекет меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі» делінгенімен, 1891 жылы жаңа бап қосылып,  «Мал жайылымдары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен ормандар да мемлекет меншігі деп танылды». Бұдан біз мақала жарыққа шықпай тұрып жер мемлекеттің меншігіне айналғанын байқаймыз. Менің ойымша, автордың шығарманы жазудағы түпкі ойы бөлек, нысанасы басқа болған сияқты.

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін!» деп жырлаған жыр дүлдүлі Мағжан Жұмабаев өзін ғұнның ұрпағымын, оларды түркілердің бабасы санаған. Яғни, ғұн империясы да қазақтың бір бабасына жатары ақиқат. Тарихи деректерде ғұн тайпасының өте қуатты болғанын білеміз. Тарғыл тасқа таңба боп жазылған ежелгі деректерге сүйенсек: Мөде қаған кезінде империяның абыройы өсіп, аты әйгілі болған деседі. Бірде көршілес жатқан империя қағаннан жүйрік атын сұрайды, ойланбастан сыйға тартады. Сонан соң ең сұлу әйелін сұрайды, әйел үшін соғысу ақымақтық деп санаған Мөде оны да сыйға тартады. Үшінші рет бос жатқан жерін сұрап қолқа салады, сонда қаған оған көнбей, арланып, жер үшін соғыс ашып әлгі елді жаулап алады. Сыйластықтан ұлттық намыс басымырық. Жер үшін майдан ашу түркілерде де жиі болып тұрған. Ғұн мен түркінің қанына сінген мінез қазақ ұлтының да бойында бар. Кезінде қаз дауысты Қазыбек би қалмақ қонтайшысына: «Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Қыннан қылыш суырып, Көк найзаның ұшына күдері үкі таққан елміз, -  деп сынынан сүрінбей өткенін жақсы білеміз. Осынау ұшқан құстың қанаты талатын кең атырапты мекен қылған халқымыз, шекарасына бөтен жұртты кіргізуі мүмкін емес дүние.

А.Байтұрсынов мақаласындағы қазақтың білімге ұмтылмағаны, ғылымға бет бұрмауы ащы болса да шындық. Халық ағартушысы Ыбырай Алтынсарин: «Өнер білім бар жұрттар тастан сарай салғызды, Айшылық алыс жерлерден, көзді ашып жұмғанша, Тездетіп хабар алғызды» деп ғылымы дамыған елдерді қызыға жазады. Расында, көшпелі қазақ жұрты жаңару аясына аса мән бермеген. Менің пайымдауымда, бұған себеп әуелі қазақтың кінәсы одан кейін сұм саясаттың қисынсыз заңы, тағдыр-талабы.

Жиырма бірінші ғасырға Тәуелсіз боп кірген Қазақстанның болашағы айқын. Кешегі жартас сол жартас емес. Бүгінгі қазақ көрсем, білсем деген қазақ. Араға бір ғасырды салып орындалған Ахметтің айтқаны лайым ұзаққа созылғай!