Көзқарас

Кітап оқу шын мәнінде қажет пе?

Кітаптың пайдасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сіз өміріңізде қанша кітап оқыдыңыз он, жүз мүмкін мың кітап оқыған шағарсыз, не мақсатпен оқыдыңыз әлде жәй уақыт өткізу ме?

Лев Толстой өзінің бір сөзінде "жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқанмен бірдей" деген. Иә, кітап білімнің бұлағы екені сөзсіз. Бірақ қандай білімнің. Ол қандай кітап? Оны кімдер жазу керек?

Адамзаттың бәрі жазады емес пе? Ұстаз өзінің журналына, күзетші өзінің есеп беруіне. Сонда білім аларлық дүниені кімдер жазуы тиіс, әрине, ұлы классиктер, қазақтың ұлы-ақын жазушылары. Ал қазір, керісінше, кімдер жазып жүр ойлап қараңызшы бірі әнші, бірі кәсіпкер, енді бірі... 

Мұндай кітаптар адамға не береді. Оралхан Бөкейдің шығармасындағы бір кейіпкердің сөзіне мән беріп көріңізші. Егер мен осы кітапханадағы барлық кітапты оқып шықсам қазіргі қалпымнан әлдеқайда қу, айлалы әрі қатыгез болып шығар едім. Меніңше кітап оқу адамның көкірек көзін ашып қана қоймай, адамды шектен тыс айла тәсілге де үйретеді.

Кітапты өмір серік санаған Шерған Мұртаза "Бір кем дүние" еңбегінде "Адамның жанын тат басса, оны тек кітап кетіре алады" деген. Әрине асыл кітап, адал кітап дейді. Сондықтан қамшының сабындай қысқа өміріде, алтынан да қадірлі асыл уақытымызды саяз кітаптарды оқумен өткізбей не оқып, не білім алып жатқанымызға зер салайық.