Саясат
1972-1974 жылдары болған оқиға
Сол кезде АҚШ тарихында президент тұңғыш рет орнын өз еркімен босатты. Сол саяси шындық хақысында фильм де түсірілген-ді.
Қандай кино болмасын, кез келген оқиға өмірден алынатыны сөзсіз. Әсіресе, киноиндустриясы дамыған Америка мұндай әдіске бұрыннан үйреніп алған. Сондай бір тарихи оқиға негізінде арнайы түсірілген фильмдердің бірі 2017 жылы жарық көрді. Яғни, 1972-1974 жылдар арасында болған Уотергейт жанжалы біраз өзгерістер алып келді. Ең басты жаңалығы жаңа сайланған президент Ричард Никсонның өз еркімен отставкаға кетуі. Ал мұндай жәйт АҚШ тарихында алғашқы және соңғысы болды.
Фильмде басты рөлді сомдаған Лиам Ниссон кинодағы кейіпкер ФБР агентті Марк Фелтты бар жан тәнімен ойнағанын аңғару оңай. Никсонның сайлаудағы қарсыласының Вашингтонда орналасқан, Уотергейттегі штаб пәтеріне заңсыз кірген 5 адамды жібергенін әшкере етеді.
Туындыда Фелттің ықпалы өте зор болады, 30 жылдық тәжірибесі бар агентке қарсы тұрудың өзі қиын еді. Фелттің еліне деген адалдығы сол екен, тіпті, Ақ үйдің өзіне бағынбай, елге қатысты құпия ақпараттарды беруге қарсы болады. Аса айлакерлігі мен ақылдылығының арқасында тәжірибелі агент президентті тақтан тайдырады.
Кейін өзі мойындағанындай ол президенттің 30 жақтасының үйіне адам жіберіп арнайы қондырғылар орнатқан болып шығады. Одан бөлек, құпия ақпараттарды аса құпия түрде өзі де жария етеді, есесіне ФБР-дің жаңа басшысы орнынан кетеді. Арбаны сындырмай, өгізді де өлтірмей мәселені тиянақты шешеді.
Қорытындылай келе, фильмдегідей президенттің өзіне қарсы тергеу жүргізу үшін, басы екеу, жан төртеу болу керек сияқты. Ал, дәл осылай бізде қайталануы мүмкін бе? Достым, ол – Америка ғой!