Саясат

Абай мен әл-Фарабиді қатар оқығанда...

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолында Абай мен әл-Фараби еңбектерінің рөлі қаншалықты маңызды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биылғы келіп жеткен 2020 жыл қазақ тарихы үшін өте ерекше атаулы күндерге бай болып отыр. 

Төрткүл дүниеге танымал, даналықтың даңғыл жолында өз орнын қалыптастырған ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы мен қазақтың бас ақыны, хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы – солардың ішіндегі ең елеулілерінің бірі әрі бірегейі.  

Қазіргі әлемдік қауымдастықпен тығыз араласу барысында ұлтымыздың ең басты құндылықтары мен тарихи тұлғаларын жаңа қырынан танып, жаңалықтар ашып, олардың шығармашылығы мен еңбек жолын ұрпақ алдында насихаттау, зерттеп,  зерделеу - бүгінгі күннің басты мақсаты іспеттес.

Зияткер ұлт. Елдің интелектуалды әлеуетін дамыту – бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізі болып табылады. Бүгінгі күні бұл мәселе ел арасында өте өзекті әрі кейінгі уақытта да өз маңызын жоймайтыны анық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Интелектуалды ұлт – 2020» атты жобасында: «Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",-деп көрсеткен болатын. Демек, интелектуалды ұлт болып қалыптасуымызға көмек беретін тәлім  мен тәрбиенің, ғибратты ой-тұжырымдаманың орны әр кез ерекше болары сөзсіз... 

Философ, әлемнің «екінші ұстазы», даналық нұры Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылығы мен өз ұлтының ұлысы, «Қалың елім , қазағым», «Қазақ та адам баласы ғой» деп бірде ашынып, бірде басылып халқына сөз арнап, тілеуін тілеген дара данамыздың, Абайдың еңбектері осы ретте аса маңызды рухани бай қазынамыз  болып табылады.  

Жалпы байқап қарасақ, тарихта  көптеген ұлы ғұламалар мен ойшылдардың еңбектері уақыт өте  кейінгі ұрпақ арасында өзінің дәстүрлі әрі логикалық жалғасын тауып, сабақтасып жатады. Оған дәлел ретінде  Әл-Фарабидің философиялық, интеллектуалдық ой-тұжырымдары араға тоғыз ғасырдай уақыт салып, Абайдың еңбектерінде өз жалғасын тапқандығын айта аламыз. 

Әл-Фарабидің көп еңбектері ақыл-парасат жайлы екенін ескерсек, Абай еңбектеріне келгенде олардың интелектуалдық ой-тұжырымдарға бай екендігін  ел президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Тіпті қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады», – деп нақтылай түскен. 

Әл-Фарабидің « Интеллект сөзінің мағынасы жайында» деген еңбегінде адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтындығын, интеллектің өзі жүре келе естіп, көріп, барып қана дамитынын ескертеді.   

Дәл осы ой Абайдың «Он тоғызыншы» қара сөзінде өз жалғасын тапқан. Сол секілді, Әл-Фарабидің «Қайырымды қала трактаттары» еңбектері мен Абайдың «Жетінші», «Он жетінші» «Жиырма жетінші» қара сөздерінде де өз сабақтастығын тапқан.  Қорытындылай келе айтарым, тарихтың ғибрат қазынасында қоғам игілігі үшін интеллектуалды еңбек нәтижелерімен өшпес із қалдырған танымал тұлғалар адамзат жадында...