Денсаулық

Микротолқынды пеште мүлдем қыздыруға болмайтын өнімдер

Микротолқынды пеште қыздыруға болмайтын тоғыз өнім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Микротолқынды пеш жаңа заман адамдар үшін нағыз пайдалы нәрсе. Пештің жанында ұзақ уақыт тұрып, тамақтың жылуын күтіп қажет емес. Бір-екі минут жетіп жатыр. Алайда микротолқынды пештерде жылытуға болмайтын өнімдер бар.


1. Сүт өнімдері

Оларды микротолқынды пеште қыздырмаған жөн. Сүт пештеқышқылданып кетеді. Сонымен қатар, олардың құрамында ас қорытуға пайдалы бифидобактериялар бар. Микротолқындардың әсерінен олар өліп, нәтижесінде өнімді тұтынудың мәні жоғалады.

2. Көк шөп

Ақжелкен, аскөк, шпинат, кинза және т. б. шөп өнімдерін микротолқынды пеште жылытуға болмайды. Пайдалы қасиеттері жоғалады. Жасыл желектегі нитраттардың әсері қанық болады. Сонымен қатар, микротолқынды пеште қыздырылған көк шөп өнімдері ағзаны улауы мүмкін және асқазан ауруын тудырады.

3. Саңырауқұлақтар

Ең дұрысы, саңырауқұлақтарды пісіргеннен кейін бірден жеу керек. Алайда олай жасау мүмкін бола бермейді, сондықтан адамдар микротолқынды пеште өнімді қыздыруға мәжбүр болады. Бұдан саңырауқұлақ бар құнарынан айырылады, яғни, олардың құрамындағы ақуыз жойылғандықтан, іш кеуіп, асқазанда ауырлық сезілмек.

4. Жұмыртқа

Құрамында ақуыз көп өнімдердің бірі - жұмыртқаны ешқашан микротолқынды пеште қыздыруға болмайды. Мұндай өнімді қыздыру адамның асқорытуына зиянды токсиндерді туындатады. Сонымен қатар, олар қызған кезде су буы шығады. Егер өнім қабықпен болса, ішкі қысым тудырып, оның нәтежиесі жарылысқа әкелуі мүмкін. Жұмыртқа әрдайым микротолқынды пеште жарыла бермейді. Ол шығарған соң да жарылуы мүмкін.



5. Сиыр еті

Қысқа толқынды пеште сиыр етін жылыту канцероген мөлшерін жоғарылатады. Сонымен қатар, өнімдегі ақуыздар, майлар, витаминдер молекулаларының құрылымы өзгереді.

6. Тауық еті

Еске салсақ, ақуыз өнімдерін микротолқынды пеште қыздыруға болмайды. Бұл тауық етіне де қатысты. Оның ақуыз құрылымы өзгереді, бұл асқазан ауруына әкелуі мүмкін. Етті ішке де, сыртқа да біркелкі жылы болатындай етіп жылыту керек, ал микротолқынды пеш мұны жасауға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде дұрыс емес құрылым барлық құнды өнімді құртып, ас қорыту жүйесінде қиындықтар туғызады.

7. Картоп

Микротолқынды пешке жылыған картоп ағзаға басқаша сіңеді. Крахмал ыдырап, майлардың тұндырылуына әкеледі. Сондықтан оны салқын түрде жеген немесе пеште жылытқан дұрыс.

8. Мұздатылған тағам

Әрине, біз тағамды тез еріту үшін микротолқынды пешті пайдаланамыз. Алайда оны істеудің қажеті жоқ. Бұл әсіресе жидектерге қатысты, мысалы, құлпынай, шие немесе мүкжидек. Мәселе мынада, микротолқындар С дәрумені мен басқа пайдалы заттардың 60%-на дейін құртады, бұл өнімді мүлдем құнарсыз етеді. Ең дұрысы, оларды бөлме температурасында еріту керек.

9. Брокколи

Брокколи туралы да солай айтуға болады. Микротолқынды пеште қыздырылған кезде денсаулыққа пайдалы микроэлементтер мен дәрумендердің 97%-ы өледі. Көкөністі пісіріп, пісіргеннен кейін бірден жеген жақсы.