Білім және ғылым

The Bing Bang. Жойқын Жарылыс Теориясы

Әлемнің пайда болуы туралы ең орныққан идеяның қысқаша түсініктемесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамзат есін білгелі, Әлемнің қалай пайда болғаны туралы көп бас қатырды. Пікірталастар жүргізді, жүздеген идеяларды ұсынды.

Кейінірек, ілім мен технология дамып, салтанат құрған уақытта бұл сұраққа мейлінше материалды әрі нанымды жауап табылғандай болды. Ол жауап – Жойқын Жарылыс жөніндегі теория.

Алдымен, Ғалам түсінігін нақтылап алайық. Ғалам – бұл біздің айналамыздағы барлық нәрселер, материялар. Оның құрамына қолыңыздағы смартфоннан бастап, жұлдыздарды, Айды, Күнді, атом мен молекулаларды жатқызуға болады.

Қазіргі зерттеулерге сәйкес, Ғаламда 100 млрд.-тан астам галактика бар. Оның, бар болғаны, 10%-на жуығы материялық объекттерден тұрса, қалған 90%-ы – қап-қараңғы кеңістік.

О баста Жойқын Жарылыс идеясы – астрономдардың Әлемнің қалай пайда болуын түсіндіру талпынысы ғана болатын. Неге екені түсініксіз, бірақ, бұл идеямен танысқан сайын алынған жауаптардан гөрі туындайтын сұрақтар көбейеді. Десек те, Әлемнің тарихы туралы ең сенімді идея – осы.

Сонымен, қазір біз өмір сүріп жатқан Ғаламның «туылуы» қалай болып еді?

Жойқын Жарылыс Теориясына сәйкес, мұның бәрі шамамен 14 млрд жыл бұрын болды. Барлығы космологиялық сингулярлықтан басталды.

Ғалам атомдар сияқты өте ұсақ бөлшектерден тұратын, диаметрі бірнеше миллиметр ғана болатын өте ұсақ материялдық объект ретінде ғана бар болатын. Ондағы температура бірнеше мыңдаған градустарға дейін жоғары, өте тығыз болатын. Шексіз ауыр массасы, сәйкесінше, шексіз гравитациялық күшке де ие болды. Міне, осы – сингулярлық нүкте болатын.

Ғалымдардың айтуынша, объекттің ыстық болғаны соншалықты, белгілі бір уақытта өте үлкен жарылыс орын алды. Бұл үлкен ғана емес, жойқын жарылыс болатын.

Жарылыстың бірінші секунды өтпей-ақ, космос 1050 есе кеңейіп үлгерді. Сосын, кеңею жылдамдығы азая бастады, бірақ, әлі алғашқы секунд басталған жоқ. Жарылыс болған алғашқы сәттерде Ғалам үлкен температурада «қайнады». Сосын, бірден суи бастады, бірінші секунд әлі де басталған жоқ еді...

Кейбір ғалымдар, бұл процесті сингуляр нүктенің кеңеюі деп те түсінідіреді.  Не де болса, бір нәрсе анық – Ғалам әлі күнге дейін кеңейіп келеді. Шексіздікке...

Шамамен, Жарылыстан соң 3 минут өткенде, өте ыстық тұмандықтар пайда болды. Тек, 300 мың жылдан соң ғана космостағы температура 1000 С-қа дейін төмендеді.

Жарылыстан соң, араға 1 млрд жыл салып температура -200 С-қа төмендеді. Және алып бұлттықтар пайда бола бастады. Кейін олар галактикаға айналды. Жаңа жұлдыздар пайда бола бастады. Бұл процестердің бәрі – сингуляр нүктенің жарылуынан кейінгі ұсақ мөлшердегі бөлшектердің тартылуы мен әрекеттесулерінің есебінен жүріп жатты.

Жойқын Жарылыс Теориясына сәйкес, әрбір галактиканың центрінде үлкен тартылыс күшіне ие «Қара Құрдым» орналасқан. 

Біздің ортақ мекеніміз – Жер – «Құс Жолы» деп аталатын галактикада орналасқан. «Құс Жолының» немесе өзге де галактикалардың бір-бірінен алшақтауы – кеңеюдің әлі де жүріп жатқанын айғақтайды. Бұл кеңеюден бөлек, Жарылыстың болғанын жарылыс толқындары да дәлелдей түседі. Біздің Ғалам сағат сайын барлық бағыт бойынша миллиардтаған шақырымға кеңейеді.

Әрине, бұл кеңею де мәңгі емес.

Ғалымдардың пікірінше, ерте ме, кеш пе, жарық толқындарының әсерінен Ғалам кеңеюін тоқтатады.

Бұл – «Қара Құрдым» тарту күшін жоғалтады деген сөз емес. Яғни, «Қара Құрдымдардың»  тартылысы күшейген сайын, айналадағы барлық материяларды «жұтып ала» береді. Осының есебінен, Ғалам бастапқыдағыдай температурасы өте жоғары, шексіз ауыр массалы тығыз материялық объектке айналғанша, бұл үдеріс жалғаса береді.

Арадан ұзақ уақыт өтіп, тығыздалған бөлшектер бір мезетте жарылады. Бәрі бастапқыдағыдай.

Бұл тарихтың тағы қанша мәрте қайталанатыны – біз үшін құпия болып қала береді.