Оқу жылы сәуірде басталады... - на bugin.kz
Ақнұр Алданова - на bugin.kz Ақнұр Алданова

Жапониядағы білім беру

Білім беру жүйесі әр мемлекетте әртүрлі жүретіні сөзсіз. Мәселен қазақстандықтар үшін 1  қыркүйек білім күні болса, жапондықтар үшін олай емес. Жапонияда оқу жылы сәуір айында басталады.

Жапонияда оқушылар 6 жыл бастауыш мектепте, 3 жыл орта мектепте, 3 жыл жоғарғы мектепте оқиды. Бастауыш мектепте үй тапсырмасын бермейді. Сондай-ақ әр мектептің өзіндік жеке формасы және ережелері бар.

Ең қызығы - жапондықтар сыныпқа аяқ киіммен кірмейді. Әр мектептің кіре берісінде аяқ-киімге арналған шкафтар тұрады. Сонымен қатар оқушылар тек қара, ақ, қара көк түсті шұлық киіп жүруі тиіс. Басқа түсті шұлық киген жағдайда оқушыны заңмен тәркілейді.

Жапон мектептерінің тағы бір ерекшелігі оларда еден жуушы болмайды. Бірақ жапон оқушылары үшін өкініштісі - жазғы демалыс небәрі 40 күн ғана.

0 Пікір Кіру