Экономика
Бес жасар бала
2015 жылы бір жасар баланың тілдік қабілетіне әрең ие болған ConteptNet4 ЖИ (жасанды интелект) бүгінде IQ тест сұрақтарына жауап қайтару кезінде төрт жасар баланың тілдік қабілетін көрсетті. Жасалуы жақында ғана аяқталған келесі нұсқасынан бес-алты жасар баланың даму деңгейіне лайық сәйкестік күтілуде.
Мур заңдылығы бойынша аталған дүниенің даму жылдамдығы соңғы отыз жылдық қарқынмен дамитын болса, 2025 жылға қарай орталық процессорлар өңдеудің есептеуіш қуат деңгейі адам миының мүмкіндігі деңгейіне көтерілмек. Deep Knowledge Ventures деп аталатын тіршілікке қатысты ғылымдарды инвеститциялайтын қор бар. Негізгі офисі - Ганконгте орналасқан. Аталған қор, уақыт өте келе пайда болатын дерттерді, оның ішінде қатерлі ісіктерді емдеу саласында және регенеративті медицинаны дамыту мақсатында VITAL деп аталатын жасанды интелект алгоритімін пайдалану туралы шешім қабылдады.
VITAL – бұл тіршілік ғалымдарының дамуы үшін жасалатын инвестицияның іске асуынадағы валидациялық механизм. Жалпы, жасанды интелектінің қоғамға келтіретін оң және теріс ықпалдарына көз жүгіртсек.
Оң әсері:
- Мәліметтерге негізделген тиімді шешімдер;
- Субъективтіліктің аздығы;
- Ескірген бюрократиялық құрылымды жаңаша ұйымдастыру;
- Жаңа және инновациялық жұмыс орындары;
- Энергия тасымалдаушыларға тәуелді болмау;
- Медицина ғылымында жетістікке жету, дерттерді түбегейлі жою;
Теріс ықпалы:
- Есеп беруге міндеттілік (жауап беруші, заң аспектілері, фидуциарлық құқықтар)
- Жұмыс орындарын жоғалту;
- Хакерлік/ киберқылмыс;
- Қалыптасқан түсініктің шектен шығуы;
- Теңсіздің деңгейінің жоғарылауы;
- Адамзатқа экзистенционалды қауіптің төнуі;