Коронавирус Қытайға қайдан келген?   - на bugin.kz
Гаухар Бердiбек - на bugin.kz Гаухар Бердiбек

Ошағы базар емес

Әлемді дүрліктірген коронавирус ошағы теңіз өнімдерін сататын базар болмай шықты. 

Вирус сырттан келген. Қытай ғылымдар академиясының мамандары осындай мәлімдеме жасады. Олар 4 құрлықтағы 12 елден жиналған геномдық деректерді зерттеп, тиісті қорытындыға келген. 

Айтуларынша, алғашқы науқас коронавирусты базардағы адамдарға жұқтырған. Ал санитарлық жағдайы нашар сауда орыны індеттің тез таралуына қолайлы орта болса керек. 

Сондай-ақ ғалымдар «аурудың адамнан адамға жұғуы осы күнге дейін хабарланғандай, желтоқсанның аяғында емес, ертерек, яғни қарашада басталған болуы мүмкін» деп отыр. 

Жалпы бұған дейін COVID-19 вирусының ошағы Қытайдың Ухань қаласындағы теңіз өнімдерін сататын базар саналып келген



0 Пікір Кіру