Саясат

5 мыңнан астам шетелдік азамат елімізде басшылық қызметте жүр

Мәселе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 19 137 шетелдік азамат қызмет атқарып жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Олардың ішінде бірінші санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары) - 753 адам (4%), екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) - 4 364 (23%), үшінші санат бойынша (мамандар) – 9 613 (50%), төртінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 1 749 (9%), маусымдық жұмыстарда – 926 (5%), корпоративтік ауысым шеңберінде 1 732 адам (9%) тартылды. Шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілердің саны – 2 021, оларда 479 342 қазақстандық азамат жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды», - делінген хабарламада.

Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында – 8 582 адам (45%), тау-кен өнеркәсібінде 2 228 адам (12%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 586 (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 1 397 шетелдік (7%) қызмет етеді.

Еңбек мигранттарының дені Қытай – 5 266 адам (28%), Түркия – 1 935 (10%), Үндістан – 1 896 (10%), Ұлыбритания – 1 434 (8%), Өзбекстан – 965 (5%) елдерінен.

Еске салайық, Қазақстанда шетелдік жұмыскерлерді тартуға арналған квота 40%-ға қысқартылды.

Азаттық рухы