Экология
Экология - ел тағдыры
Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық.
Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек" деген ұранымен оқытты. Тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды.
Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Осы орайда тек Қазақстанның ғана емес бүкіл әлемнің мәселесі “экология” болып отырғаны бәрімізге мәлім. Көп мәліметтер мен зерттеу нәтижеліріне қарайтын болсақ, табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор - адамның шаруашылық әрекеті екен. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.
Сондықтан да экологияның дұрысталып, елдің таза ауамен танысталуына әрекетті ең бірінші өзімізден бастағанымыз жөн болар. Табиғат - бізге ата-бабамыздан мұраға қалған ең қасиеттіміз. Оны қорғау, аялау біздің міндет, біздің парыз!