Саясат
Бейбіт шерулерді болатын қақтығысқа кім кінәлі? Халықты тыңдамайтын билік пе әлде провокация артынан ерген халық па?
Әлем практикасында митинг қалыпты құбылыс. Демократиясы озық елдерде бейбіт шерулер арқылы халық өз ойын еркін білдіріп, мемлекеттік мәселелерді артық шусыз шешіп жатады.
Экстремистік не террористік көзқарас білдірмесе ешкімді тек шеруге қатысқаны үшін тұтқындамайды. Ал Қазақстанда соңғы кезде жиілеп кеткен митингтердің қайсысы болсын жиналған қауымның айқай-шуы мен қатар ішкі істер минстрлігің адамдарынсыз өтпейді. Кейде тіпті көшеде өтіп бара жатқан бейтаныс жандарды қамау, полиция қызметкелерінің шамадан тыс күш көрсетуі де болып жатады. Аты «бейбіт шеру» болса да өмірде бейбіт бітпейтін митингтердің атына сәйкес келмеуіне кім кінәлі? Халықтан қорыққан билік пе? Әлде провакация жасайтын жұрт па?
«Таяқтың екі ұшы бар» демекші кез келген жағдайды бір жақты қарастыруға болмайды. Сол секілді митнг мәселесінде де тек бір жақты ақ деп, ал екіншілеріне күйе жағу дұрыс болмас. Меніңше, минтингтердің қазіргідей ушығуына билік пен халық та кінәлі. Билік тарапынан барлық заң талаптарына сай келетін шеру өткізуге берілген өтініштердің өз мүддесіне қарай қабылдамауында қателік бар. Себебі халық үкіметтің қандай өтініш болмасын қабылдамайтынын біліп, кез келген уақытта кез келген жерде шыға беретін болды.
Биліктің митинг кезінде жасаған және бір қателігі – ақ-қараны ажыратпай күш көрсету. Көктем мен жаз кезінде өте жиі болған шерулердің соңы негізсіз тұтқындау мен күш көрсетуге ұласып жатты. Бұл жағдайда халық өз мұң-мұқтажына жауап алмақ түгілі, жоғарыдағылардың тек таяқпен қайтаруы шеруге шыққандардың тіпті қытығына тиіп, жағдайды қиындатып жіберді. Алайда соңғы өткен шерулерге жекелей келер болсақ, үкімет басындағылардың бұл қателігін түсінгенін байқаймыз.
Бүгінгі күні Қазақстанда тиым салыған ұғымдарды насихаттаушылардан басқа өзге шерушілерді себепсіз тұтқындамайтынын көреміз. Оған мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаттарының бірінде осы мәселеде күш көрсетпеуге байланысты жеке тапсырма бергенін айтуы дәлел бола алады. Мемлекеттің митинг өткізуді жетілдіруде екенін байқадық.
Ал шеруге шыққан адамдардың қателігіне үңілер болсақ, алдымен еліміздің қиқу сөзге ермелігіне мән береміз. Иә, шынайы ашынған мәселелер бойынша маңызды минтингтер болды. Бірақ та биылдыққа өткен 30дан астам шерудің көбі сырттан келген арампиғылдылардың сөзіне еріп өткені өтірік емес. Тіпті мемлекеттің ресми жасаған тиымдарына қарамастан әр мейрам сайын не белгі бір маңызды күндері қолдарына плакаттарын алып, айғай сала беру халық тарапынан кеткен қателік болды.
Тым жиі болған шерулер минтинг арқылы берілмек болған маңызды мәселерді жұтып алды. Соңында ұтылған халықтың өзі. Көктем кезінде адамдар саны 500-200 дейін, ал жаздың аяғында 2-3 адамға дейін кему бұл қателікті халықтың өзі түсінгеніне дәлел болады. Егер біз нағыз азаматтық қоғам орнатқызым келсе, митинг секілді мәселерді өткізу мәдениетінде үйренуіміз қажет. Қателікті тек басшылықтан көрмей, өзімізде бейбіт шерудің өткізудің мән мағына жетуіміз керек!