Шолу

1 наурыз - жалпыхалықтық митинг: Қоғам белсенділері шақырады

Елімізде жалпыхалықтық митингі өтпек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы жалпыхалықтық митингі болады деп фейсбукте жариялады.

Ол парақшасында:

«Біз шешім қабылдадық! 1 наурыз - жалпыхалықтық митинг! Талаптарымыз: Назарбаев режимі жойылсын! Үкімет отставкаға кетсін! Түрмедегі арыстарға бостандық! Репрессия тоқтасын!» - деді.

Сонымен қатар Құрал есімді белсенді азамат та халықты митингіге шақырды.

«Алматы қаласының әкімшілігіне 1 наурызда митинг өткізуге рұқсат сұрадық. Олардың рұқсат бермейтіні де түсінікті. Әкімшілік бізді алдап кетумен айналысып жүр. Жемқорлық биліктің ақшасын талан-таражға салды. Бұлай болмайды енді. Біз бұл жағдайға бей-жай қарай алмаймыз», - деді ол.

«Халқымды оянуға шақырамын. Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін болу керек», - деп қоғам белсенділері сөздерін қорытындылады.