Экология

Экологияға зиянын тигізетін факторлар

Экологияға зиян көп тигізетін - адам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абиотикалық факторлар

Табиғат ана – біздің үйіміз. Сондықтан ол қай жағынан болмасын бізге әсерін тигізбей қоймайды. Мейлі ол жануар болсын, мейлі ол өсімдік болсын өлі табиғаттан белгілі бір әсер алары хақ. Ондайды ғалымдар абиотикалық факторлар деп атапты. Ал мен бұларды, өзімше, «пассивті факторлар» деп атағым келеді. Неге дейсіз ғой? Себебі өлі табиғат өз ағынымен жүре береді. Оның ойлануға деген шамасы да, мүмкіншілігі де жоқ. Мүмкін олар актив күйде болса, яғни ойлана алатын санасы болса, ол әсерлерді жасамас па еді? Сондықтан бізге оның пассив болып қала бергені де тиімді.

Қоршаған ортадан тіршілік иелері, яғни нәруыздардың тіршілік ету формасы – ағзалар жарық, жылу, ылғал, қысым, тұз, химиялық элементтерді өздеріне пайдалануға алады немесе олардан сақтанады. Негізінен осындай пассивті факторларға ағзалар өздері бейімделіп алады. Мысалға, кактустың денесінде неге тікендер өте көп, ал сабағының іші толған сұйықтық? Оның тікендері, негізі, жапырақ болуға тиісті еді. Оған көп мөлшерде жылу мен жарық келгендіктен жапырағым шыдамды болсын деп тікенекке айналдырып, бейімделіп кетті. Ал судың қорын сабағына жинап ала берді. 

Бинарлы номенклатураның атасы – Линней бақаларды қосмекенді деп неге айтты? Ол классқа неге қосты? Себебі бақалар ылғалсыз күн көре алмайды, бірақ ылғалға да өмір бойы шыдамайды. Екеуінің ортасында жүреді. Оған әсер еткен ылғал балыққа да әсер етіп жатыр ғой. Онда балықтар неге арасында судан шығып күнге қыздырынып алмайды? Өйткені..! Өйткені ылғал да пассивті әсер етуде. Балық бейімделіп алып, желбезек өсірді. Бақада ол балмағасын, сыртқа шып етіп шығады. Тыныс алатын мүшесі терісінде. Ол да, өзінше, солай бейімделіп алыпты. 

Биотикалық факторлар


Мен өзімнің отбасымсыз өмір сүре алмаймын. Мейлі олармен ұрсысайын, керісейін, тату болайын, дос болайын бәрі бір олармен біргемін. Сол секілді бүкіл тіршілік атаулы, бактерияларды бастап, мегафауна, мегафлораларға дейін – менің үлкен отбасым. Үйдегі жай отбасымен қандай тығыз байланыста болсам, олармен де дәл солай. Шынымен, бүкіл ағзалар бір-біріне айтарлықтай
әсер етеді.  Жиі-жиі әсерлерін тигізіп тұрады. Жоғарыда абиотикалық факторларды неге пассивті деп айтқаным, шамамен, түсінікті болған шығар. Бұл жолы да солай, енді биотикалық факторларды, өзімше, белсенді, яки «актив факторлар» деп санағым келіп тұр. Тағы да «неге?» деген сұрақ туатын болар. Бұл ретте, жауабы оңайлау. Себебі тірі ағзалардың бәрі актив күйде болады (тек өлім мен анабиоз кезінде емес) және бір-біріне жиі әсер етеді. Табиғатқа, яки өлі табиғатқа ағзалар өздері бейімделіп алғанындай, ағзалар ағзаларды да бейімдеп тастайды екен.


Керіктің неге мойыны ұзын? Жырқыштардың неге тырнақтары мен тістері ұстарадай? Киттің неге желкесінде шүкірейген тесігі бар?


Керіктердің мойынында тек 7-ақ омыртқа, бірақ сонша ұзын. Оны сондай қалыпқа келтірген – биік ағаштар, олардың дәмі тіл үйірер жапырақтары.
Жыртқыш аңдар, айталық, қабыланның тырнағы тигенін сойып түседі, тісі тістегенінінің жұлынын үзеді. Өйткені оған жылдам антилопалар мен мықты бизондардың бифштексі қажет еді.


Киттер мен дельфиндер – судағы сүтқоректілер. Дегенмен олар да бір нәрсемен тамақтануы қажет қой. Даяшыға бір стақан сүтке тапсырыс бере алмайды, бірақ планктондарды сумен бірге жұтуға қауһарлы. Сонша суды не істейді? Оданда сүтке тапсырыс берген жақсы ғой. Әрине, ол суды ішпейді, бағанағы планктондар өте майда болғандықтан кит оны сумен бірге жұтты. Бірақ кит тесігінен суды кері сыртқа шығарып тастағанда, тамаққа айналатын планктондар тісінде сүзіліп қалды.

Осылайша да тірі ағзалар бір-біріне әсер ете алады. Бұл мақала ғылыми негіздерсіз жазылғанымен, ғылымға қарсы шықпайды да.

Тағы да айтамын, барлық тіршілік иісі – менің отбасым, ал үйім – табиғат.

Экология саласында факторлардың антропогендік (адами фактор) деген үшінші түрі бар. Оның орасан зор әсерін жаза берсе таусылмайды. Сондықтан бір ауыз сөзбен «көпәсерлі фактор» деп атап, адамнның Жерді 90%-ға өзгертіп жібергенін сипаттауға болады.

Түйіні, осындай факторлар бар болғандықтан, оған бейімделу процесі де қатар жүріп жатыр. Адамзат өз әсерін (кері әсерін) баяулатпаса, басқа ағзалар бейімделіп үлгермеуі де бек мүмкін. Егер сабамызға түспесек, бұған құдайдың өзі араласуы адамның жағдайын оңдырмайтыны түсінікті.

Есенбай Ізбасаров