Осыдан 70 мың жыл бұрын адамзат тарихындағы ең елеулі оқиға – когнетивті революция басталды. Ол адамдарға қиялдағы тілдің пайда болып, тарих беттерін бастауына түрткі болды.
Сапиенстер енді Африкада ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріне тарала бастады. 45 мың жыл бұрын Аустралияның мегафаунасын құртқан олар, 30 мың жыл бұрын Еуропаның қатал климатына тез бейімделген неандертальдықтарды да жер жүзінен жойып жіберді. Қазір жер шарында адамдардың бір ғана түрі тіршілік етеді, олар – біздер, САПИЕНСТЕР!
Ертеректе, үңгірінде кәрі құрлықтың,
Жалғасыпты сол жерде бәрі тірліктің.
Бір-бірімен тату тұрған адамзат біткен,
Көңілдерде байқалмайды зәрі кірліктің.
Олар бәрі – неандерталь үлкен қабақты,
Бірге аулап, бірге жеген барлық тамақты.
Тайпа деген құдіретті мекен саналды,
Ал қуылса үңгірден, дала – абақты.
Ао – көсем, қаһарман тайпасы үшін,
Он адамға татитын байқашы күшін.
Қару-жарақ жиыпты бір жылдан бері,
Саналы адам –Сапиенспен шайқасы үшін.
О, құдірет, қасиет дарынған әйел!
Әйел деген қасиетке жарыған бай ел.
Ізбасарын көсемнің жарық дүниеге
Әкелгенде қуандың сен, арыған әй, ер.
Нея деді қолына алып, көтеріп көкке,
Жылай берді Нея да бөпелік көп те.
Күзет қойды түн сайын Ао үңгірге,
Күзетші өлді бір түні, қателіктерде.
Оны өлтірген ақ аю ұзын тырнақты,
Мойынынан жоғары жүзін тырнапты.
Көсем кегін алу үшін жолға шығады,
Үңгірінде ендігі бір сәт тұрмапты.
Қару-жарақ, қақпанын асынып алып,
Аюды іздеп кетеді асығып алып.
Досы Бормен бірігіп тұзақ құрады,
Қар астына өздерін жасырып алып.
Қарды көр де, аюдың түгін байқа,
Қанды көр де, Аоның кегін байқа.
Бірақ Борды өлтірді ұзын тырнақ,
Қайғы жұтқан көсемнің кебін байқа.
Көзін жұмды досының да, аюдың да.
Бұндай ащы болмасын-ай жай удың да.
Жапанда жалғыздықпен қалды Ао,
Қайтты үңгірге күн шапағын жаюында.
О, қасірет жан адам түсінбейтін.
Көсем ояу; барлығын түсім дейтін.
Сапиенстер жоқтығын пайдаланып,
Қырған түгел тайпаны «кісім дейтін».
Баланы да қалдырмапты іңгәлаған,
Әлсіздердің жан айқайын тыңдамаған.
Саналы адам барлығын өлтіргенмен,
Ао болды тірі қалған мұндағы адам.
Тірі қалған ең соңғы неандертальдық,
Өліп қалған тарихтан не аңдарды алдық.
Ұшатынын, жүзетінін, өлмейтінін,
Аң еместен «сәбилер» Неяны да алдық.
Көсем енді, көсем болды өзі үшін,
Қайғы жеді жегідей оның ішін.
Саналылар келіп қалды ту сыртынан,
Жеңе алмады, Аоның көрді күшін.
Ао бірін астына салып алып,
Соғып,соғып қабағын жарып алып.
Қолындағы қанжарын сұға алмады,
Жүрегінде мейірім талып-ағып.
Олар бесеу,қуып шықты барлығын,
Саналыдан саналылау,зарлығым.
Санасыздар қиянатқа бармаса,
Сонда қалай,қиянатқа барды кім?
Ақ аюдың терісін киім қылды,
Бұл жағдай өмірін қиын қылды.
Ұзақ жолға аттанып кеткен Ао,
Даланы көре алсаң үйің құрлы.
Қайда кетіп бара жатыр дейсіңдер ме?
Туған жерге –сіңсе қайсы иісі үңгірге.
Ішінен не ойланып келеді екен?
Мүмін әлем махаббатын үйсін дер ме?
Оа атты бірге өскен егізін іздей,
Шаршаса да,табуға үмітін үзбей.
Жолдан тапты азығын,аң да аулады,
Сағым көрді қайта-қайта көңілі күздей.
Ол сағымдар егізін көрсете берді,
Жалғыздықты өзіне көрші ете берді.
Жаяулатып келе жатып орман ішінде,
Адам қазған апаға гүрс ете берді.
Келді адамдар оны көріп,шошынып қалды,
Шығарды оны,қолындағы ұсынып талды.
Жүректері мейірімге толы екен деп,
Енді ойлай бергенінде желкеден салды.
Есін жиса,бетін жауып,қолын байлапты,
Бұл аймақты жабайы тайпа жайлапты.
Еркегінен,әйелінен,баласынан,
Құрбандыққа әр түрлі адам сайлапты.
Басқа тайпа адамдарын әкелді тасқа,
Сызды маңдай тұсына қанменен қасқа.
Жүрегіне қадады қанжарын өткір,
Әйелінің етегі толады жасқа.
Ол әйелі, бейшара,жүкті болатын,
Ал Ао ше,ол өзгеше түкті болатын.
Ао өзін құрбандық қыларын сезіп,
Шешіп алды байланған жіпті қол артын.
Аралардың ұясын көрді ілінген,
Денесіне балшық жағып Ао бүлінген.
Ол ұяны құлатады,аралар құж-құж,
Қашып кетті басқа үңгірге қалмай бүгіннен.
(Бірінші бөлімнің соңы)