Bugin

Сөз бостандығы: Украин тілшісінің өлімі

Украинадағы сөз бостандығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Human Rights Watch-тың хабарлауынша, Украина билігі 2019 жылы 20 маусымда Киевте қайтыс болған тергеуші журналист Вадим Комаровтың өліміне қатысты тергеуді бейтарап жүргізуі тиіс еді. 

Вадим Комаров 2019 жылғы 4 мамырдағы шабуыл нәтижесінде басынан ауыр жарақат алған. Содан қайтыс болды. 

58 жастағы Вадим Киевтен 200 шақырып жерде орналасқан Черкаск қаласында өмір сүрген әрі жұмыс істеген. Және де сол жерде көптеген тергеулер жүргізген. Атап айтқанда, жергілікті қалалық кеңестің жемқорлық мәселесімен айналысқан. Комаровқа жасалған шабуылды тергеу барысында, 4 мамырда Черкаск қаласының орталығында белгісіз біреу оған шабуыл жасағаны анықталды. Белгісіз адам оның басына  бір ауыр затпен ұрып, қатты жарақаттаған.  

Миының ауыр жарақатымен Комаров ауыр халде ауруханаға жеткізілген.  Оған ота жасалған, содан кейін ол жасанды комаға түскен. Кейіннен ол есін жиғанымен, 20 маусым күні Комаров қайтыс болды.

Human Rights Watch Еуропа және Орталық Азия бойынша директорының орынбасары Рейчел Денбер: «Вадим Комаровты кейбіреулер жария етуді қаламайтын фактілер туралы хабарлағаны үшін өлтірмекші болған еді». Сол үшін де Украина билігі ел журналистеріне жасалған шабуылдарды тоқтатып, олардың өз жұмыстарын жүргізуі үшін жағдай жасауы керек. Комаровқа шабуыл жасаушыны тезірек тауып, оны осы ауыр қылмысы үшін жауапқа тарту керек» деп есептейді.

Бастапқыда Вадим Комаровқа шабуыл жасау фактісі бойынша қасақана ауыр дене жарақатын салу туралы қылмыстық іс қозғалды. Ол  кейіннен қасақана кісі өлтіру ретінде қайта қарастырылды. Дегенмен шабуыл жасаушының тұлғасы әлі анықталған жоқ. Тергеушілер Комаровтың өлімін оның кәсіби журналистік қызметімен байланыстырады. Осы уақытқа дейін, 2016 және 2017 жылдары Комаров қауіп-қатерге тап болып,   өз материалдары үшін шабуылға ұшыраған екен.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Десир Комаровқа жасалған шабуылды айыптап, сотты әділ тергеуге шақырды.

Осы орайда Украинада БАҚ бостандығына қысым күшейіп келе жатқанын еске салайық. Сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының ахуалын қадағалайтын Медиа Институты (IMI) 2019 жылдың алғашқы бес айында журналистерді ұрып-соғу мен шабуылдаудың кем дегенде алты оқиғасын тіркеді. Сондай-ақ, ИМИ журналистерге қауіп төндірудің 12 оқиғасы және кәсіби журналистік қызметке кедергі келтірудің 48 жағдайы орын алды. 2016 жылы Киевтің орталығында әйгілі журналист Павел Шереметтің өлімі әлі күнге шешілмеген күйде қалды. 

2018 жылдан бастап белсенділер мен құқық қорғаушыларға жасалған шабуылдар саны артып келеді.