Ресейде 500 арыстан қала көшелеріне шығарылды - на bugin.kz
Асылан Қуанышұлы - на bugin.kz Асылан Қуанышұлы

Жалған ақпарат

Ресейде коронавирус пандемиясына байланысты карантинді сақтап, адамдар өз үйлерінде отыруы үшін 500-ден астам арыстан қала көшелеріне шығарылғаны туралы жалған мәлімет таратылды. 

The Times of India бұл ақпаратты интернет желісіне қарапайым пайдаланушылар орналастырғанын, тексерілмеген "жаңалық" екендігін айтып жоққа шығарды. 

Жалған ақпар желіде жылдам тараған. Ақпараттық телеарналардың жаңалықтары түрінде жасалған мәліметті интернет пайдалушылары фейзбук, твиттер сынды әлеуметтік желілерде бөлісе бастайды. 

Арыстанның бұл суреті, шын мәнінде, Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка) 2016 жылы түсірілген. Оның Ресейге де, коронавирус пандемиясына да қатысы жоқ.

"Шұғыл хабар" белгісі бар сурет "Break Your Own News" атты сайт құралдарының көмегімен шығарылған көрінеді. Жалпы бұл сайт адамдардың жеке қалауларына сай "шұғыл жаңалықтарын" жасауға мүмкіндік береді екен.

0 Пікір Кіру